Конституция – адам мен қоғамның басты құндылығы

Конституция – мемлекеттің тұрақты дамуы мен қоғамның бірлігін қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Оның негізгі құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Адам мен қоғам – мемлекеттің басты тірегі. Сондықтан әрбір азаматтың құқығын қорғау, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету – Конституцияның маңызды міндеттерінің бірі.

Ата Заң әр азаматқа өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға, білім алуға, еңбек етуге, еркін пікір білдіруге және қоғамдық өмірге белсенді араласуға құқық береді. Сонымен қатар азаматтарға заңды құрметтеу, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және елдің дамуына үлес қосу міндеттерін жүктейді.

Құқық пен міндет, еркіндік пен жауапкершілік қатар жүргенде ғана әділетті әрі өркениетті қоғам қалыптасады. Конституция – мемлекет пен халықты біріктіретін, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтатын ортақ құндылық.

Адамды құрметтеу – Ата Заңды құрметтеу. Ал заң үстемдігі – жарқын болашақтың кепілі!
Дыбысбаева Толғанай
аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықтың психологы