Ақтөбе облысы: 2024 жыл – ауылдық денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер жылы
Ақтөбе облысы: 2024 жыл – ауылдықденсаулық сақтау саласындағы өзгерістержылы
Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары үшін2024 жыл бірқатар жағымды оқиғаларымен, соныңішінде медицина саласындағы оң өзгерістерменесте қалды. Жүзеге асырылған жобалар жөніндеөңірлік коммуникациялар қызметінде өткенбаспасөз конференциясында Денсаулық сақтаубасқармасы басшысының орынбасары МұратжанҚажығалиев мәлімдеді.
Ол «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары өңірде24 денсаулық сақтау нысанының құрылысыжоспарланғанын еске салды. Жобаны іскеасырудың 2024 жылғы бюджеті 21 нысанғаарналған 4,2 млрд. теңгені құрады.
«Бүгінгі таңда алғашқы медициналықсанитарлық көмектің 10 нысаны тапсырылды, ал қалған 11 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жалғасуда. ЖұмыстарПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналыққызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырутуралы тапсырмаларын іске асыру аясындажүргізілуде«, — деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысында үшАуданаралық орталық аурухананың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл ауруханаларМұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында, Хромтау ауданының Хромтау қаласында жәнеШалқар ауданының Шалқар қаласындаорналасатын болады. Медициналық мекемелероблыс тұрғындары үшін жоғары біліктімедициналық көмектің қолжетімділігінайтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, 2024 жылы Шалқар аудандықауруханасы ғимаратының 2-ші корпусын қайтақұру жұмыстары сәтті аяқталғанын атап өткен жөн, ол енді балалар оңалту орталығы ретінде жұмысістейтін болады. Жалпы, 2024 жылдыңқорытындысы бойынша 1,2 млрд теңге көлеміндеқаражатқа 14 денсаулық сақтау нысанына күрделіжөндеу жүргізілді.