Стратегиялық бағыттың сабақтастығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының тарихи маңызы ерекше. Өйткені бұл – еліміздің жаңа конституциялық жағдайындағы Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдау.
Осы кезеңде аталған Жолдау биылғы елдің одан әрі даму бағытын айқындаған аса маңызды әрі шын мәнінде тағдыршешті саяси уақиғалар тізбегін түйіндеді деуге болады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының жаңа кезеңіне арналған бағдарламалық пайымын, стратегиялық басымдықтары мен ұзақмерзімді бағдарларын ұсынды. Оның ел азаматтары тарапынан зор қызығушылықпен қабылданғанын көріп отырмыз. Бұл да кездейсоқ емес. Халық шынымен де осы маңызды саяси оқиғаны асыға күтетін, оның мән-маңызын түсінетін әрі өз өміріндегі үміт-тілектерін онымен байланыстыратын болды. Ал бұл – қоғамдық сананың қаншалықты өзгергенінің басты көрсеткіші әрі Президент жүзеге асырып жатқан ауқымды реформалардың тікелей нәтижесі.
Сонымен қатар халықтың Жолдауға деген қызығушылығы заңды құбылыс. Өйткені Мемлекет басшысының әр үндеуінің артында азаматтарға, олардың әл-ауқаты мен болашағына деген қамқорлық тұр. Бүгінде адамдар бұл қамқорлықты нақты шешімдерден көріп қана қоймай, мемлекеттік саясаттың өзегінде адам тұрғанын да сезінеді. Бұл – аса маңызды мәселе.




