Алдағы жұмыс барысын талқылады

Вице-Президент Ерлан Қарин Құрылтайдағы саяси партия­лар фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты халыққа Жолдауында айқындалған стратегиялық басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге қатысты алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.

Ерлан Қарин Президент сөй­леген сөзінде келер ұрпақ­тың мүддесі үшін жүзеге асырыла­тын жүйелі өзгерістерге баса назар аударғанын атап өтті. «Ха­лық­­тық құрылыс» мін­дет­­тері ха­­лықтық цифрлық эконо­ми­­ка­­ны дамытумен тығыз сабақ­тас­­тырылып, Жолдаудың өн бойы­нан көрініс тапты. Мем­ле­кет күш-жігерін бүкіл азамат­тық инфрақұрылымды жаңғыр­ту­дың іргелі мәселелері­не шоғыр­ландырып отыр.

Вице-Президенттің ай­­ту­ынша, мемлекет қордаланған жүйелі проблемаларды біртін­деп шешіп, болашақтағы дамудың берік негізін қалауда.

– Президент Жолдауда стратегиялық маңызы бар жаңа бастамаларды көтерді. Олар Құрылтай тарапынан сапалы заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді. Осы бағытта партия фракцияларымен бірлесіп, тиім­ді жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Ерлан Қарин.