Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында
ауылдағы тұрмыс деңгейін кешенді дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ауыл тұрғындары үшін сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығы мен қажеттілігін, қаржылық қызметтерді алуға қол жетімділікті қамтамасыз етуді атап өтті.
Осыған байланысты Президент «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тіпті ең шалғай ауылдық жерлерде де үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы нақты және маңызды тапсырма берді.
Біздің ауданның шалғай ауылдары үшін де қазпошта торабы өте маңызды. Мысалы Миялы ауылы аудан орталығы Қарауылкелдіден 200км қашықтықта өте шалғай орналасқан ауылдардың бірі. Жергілікті халық зейнетақысын, әлеуметтік жәрдемақыларын, мәдениет саласының қызметкерлері айлық жалақысын Қазпошта арқылы алып отыр.
Сонымен қатар ауыл тұрғындары мемлекеттік БАЖ салықтарын, несие төлеуді және эелектронды сауда-саттық айналымын аталмыш бөлім арқылы жүзеге асыруда. Сонымен қатар каспий голд шотына ақша салу да Қазпошта арқылы жүреді. 1 айда 62 адам Казпошта карточкасы арқылы қаражатын алып отыр. Жалпы 1 айда 140 дана қабылдау жүргізіліп, оның ішінде жергілікті тұрғындар балабақша төлемін, несиесін, салықтарын, зейнетақы төлемдерін төлеген. 206 адам газет-журналға жазылып, баспасөз бойынша ақпараттанып отыр.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, мемлекет басшысының тапсырмасының қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.
Гүлзада Мұхамбетияр
Аудандық аналар кеңесінің мүшесі
© 2025. ЖЕМ-САҒЫЗ аудандық қоғамдық саяси газеті. Барлық құқықтар қорғалған