Елімізде 217 жайлы және 200 тірек мектепжелісі құрылуда
Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов білім, ғылым және денсаулық сақтаусаласындағы негізгі жетістіктер мен жоспарлардыатап өтті.
Мәселен, 217 жайлы және 200 тірек мектептентұратын үүздік білім ошақтарының желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылыеліміздің барлық жалпы білім беру мекемелеріндебілім сапасын кезең-кезеңімен теңестіру.
Сондай-ақ 2025 жылы кәсіптік-техникалық білімберуде басқа оқу орындары үшін негізгі ресурстықорталықтарға айналатын 10 технологиялықкөшбасшы колледж құру жоспарланып отыр. БүгіндеҚазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, биыл тағы 11 филиал ашылады.
Университет ғылымын дамыту жәнекоммерцияландыру ісіне баса назар аударылуда. Мысалы, Сәтбаев университетінде Kazakhmysкорпорациясының тапсырысы бойынша таза селеналудың жаңа тәсілі әзірленді. Ол медицина, электроника және басқа да жоғары технологиялықсалаларда кеңінен қолданылуда. Назарбаев университетінің базасында тірек-қимыл жүйесізақымданған адамдарды оңалтуға арналғанэкзоскелет өндірісі белсенді дамуда. Қажеттісертификаттарды алғаннан кейін өндірушіДенсаулық сақтау министрлігі тарапынантапсырыстармен қамтамасыз етіледі.
«Медициналық қызметтер сапасы мен қамтудеңгейін арттыру бағытында жұмыстар жалғасуда: бала шетінеуі 6,7%-ға, ана өлімі 11,4%-ға азайды. Ауруды ерте диагностикалау үшін скринингтіктексерулермен қамту деңгейі бір жылда 38%-ғакеңейтілді. 2,8 млн адам онкологиялық скринингтенөтті. Нәтижесінде, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткішін 3,5%-ға төмендетуге қолжеткізілді», — деді Премьер-министр.
Сондай-ақ қазақстандық ғалымдар онкологиялықауруларды емдеуге арналған жаңа препарат жасапшығарды. Қазіргі уақытта клиникалық сынақтардыңекінші кезеңі жүріп жатыр. Препарат жыл соңынадейін тіркеледі деп жоспарланған.