Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмекалушылар саны азайып келеді
Ақтөбе облысында атаулы әлеуметтік көмек(АӘК) алушылар санының төмендеуі байқалуда. Бұл халықтың материалдық жағдайын жақсартуғабағытталған шаралардың оң нәтиже беріпжатқанын көрсетеді.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтікбағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, 2024 жылы Ақтөбе облысында АӘК 16 011 адамнемесе 3 055 отбасы алды. Жалпы төлем сомасы1,5 млрд теңгеден асты.
Басқарма басшысы Ләззат Оразбаева атапөткендей, АӘК-тің басты мақсаты – аз қамтылғанотбасыларды кедейліктен шығару үшін еңбеккеынталандыру және жұмысқа жарамды азаматтардыжұмыспен қамту шараларына тарту.
«Атаулы әлеуметтік көмек – халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі Мемлекет басшысыныңтапсырмасын жүзеге асырудың бір тетігі. АӘК отбасының жан басына шаққандағы орташа табысыкедейлік шегінен төмен болған жағдайда беріледі. Еңбекке жарамды АӘК алушыларды белсендіжұмыспен қамту шараларына тартамыз. Мысалы, 2024 жылы 248 адам тұрақты жұмысқа орналасты, 121 адам уақытша жұмыс орындарына орналасумүмкіндігін пайдаланды, ал 15 адам кәсіпкерлікбастамаларды дамыту үшін грант алды«, – дедіЛәззат Оразбаева.
Осы шаралардың нәтижесінде облыста АӘК алушылар саны азайып келеді. 2023 жылменсалыстырғанда, көмек алатын отбасылар саны 1 284 отбасыға немесе 6,5 мыңнан астам адамғаазайды.
Айта кетейік, ағымдағы жылы мұқтажотбасыларға көмек көрсету процесін одан әріжақсарту мақсатында учаскелік комиссиялардыңжұмысын цифрландыру жоспарланған. Атапайтқанда, FSM Social мобильді қосымшасыәзірленді. Бұл қосымша отбасылардың мәліметтерімен қажеттіліктерін тіркеуге, сондай-ақ процестіңбарлық қатысушылары арасында ақпарат алмасудыжеңілдетуге мүмкіндік береді.
Заманауи технологиялар бұл процестінеғұрлым ашық әрі тиімді ете түсіп, мұқтажадамдардың санын одан әрі азайтуға жәнехалықтың жалпы өмір сүру деңгейін арттыруғаықпал ететін болады.
«Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ