«МЕН – БАЙҒАНИНДІКПІН!» жобасы басталды

«МЕН – БАЙҒАНИНДІКПІН!» жобасы басталды

Сейсенбі күні ауданда «МЕН – БАЙҒАНИНДІКПІН!» жобасы аясында мекеме қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ә.Жеткізгенов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Жақасов, аудандық БЖСМ директоры Қ.Қазанбаев, «Темірқазық» аула клубының  басшысы А.Шәриев, Жастар ресурстық орталығының басшысы М.Шаңдыбай және спорт ардагерлері қатысты. Арнайы қонақтардың қатарынан орын алған ҚР Ауған соғысы ардагерлерінің орталық кеңесінің төрағасы Марат Қойлыбаев пен облыстық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшесі Естай Имағанбетовтар болды.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Марат Қойлыбаев «Мен – байғаниндікпін» деген атаудың өзі жерлестердің жігерін жанып қана қоймай, ерекше рух беретіндігін айтып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. ЖРО басшысы Мейірболат Шаңдыбай бастау алған жобаның негізгі мақсаттарының бірі туған жерге деген махаббатты арттыру, бірлік пен ынтымақты нығайту екендігін баса айтты.

«МЕН – БАЙҒАНИНДІКПІН!» жобасы басталды

Аяқдоп турниріне 9 команда қатысты. Сайыс нәтижесінде білім бөлімі қызметкерлері І орын, Спорт бөлімі қызметкерлері ІІ орын, «ҚазТрансГаз» қызметкерлері ІІІ орынға ие болды. Алдияр Мұстафин – «Үздік қорғаушы», Нұрлан Пұсырманов — «Үздік шабуылшы», Нұрбол Бердіғалиев – «Үздік ойыншы», Данияр Турин – «Үздік қақпашы» аталымдарына ие болды.

«Жем – Сағыз» ақпарат.