Елтоқ ата – ел жадында

Ауданымызда есімі ел есінде мәңгі сақталатын тұлғалар көп. Тау тұлғалы Елтоқ Сәрсенбайұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, матрос, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград қаласында блокадасының куәгері, «Ленинград қаласының құрметті азаматы», «Халық емшісі» туғанына 100 жыл толды.

Аудандық орталық кітапханада Е лтоқ Сәрсенбайұлының 100 жылдығына орай «Елтоқ ата – ел жадында» атты патриоттық сағат  өтті. Шараға Елтоқ атаның ұрпақтары Бекарыс Елтоқұлы, Нұрзайда Елтоққызы, күйеубалалары Ұлықпан Кәдір, Бауыржан Амантұрлыұлы, келіні Ғазиза Шырақбайқызы, Елтоқ атаның әріптесі,өрт сөндіру саласының ардагері Бахитов Рахметулла, өлкетанушы,жазушы Ибраһим Ермекбайұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлжан Құрманғали,  өлкетанушы Балғали Жазықов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысы м.а. Данияр Қоштанбеков , Байғанин аудандық Қорғаныс істер бөлімінің басшысы Сатыпалды Өмірбайұлы қатысып, атаның өмір жолын,  батырлық ерлігі,батылдығы,тәлімдік, тағылымдық қасиетін,қызмет атқарған жеріндегі қызықты кездерін, емшілік қасиетін айтып берді. Кеште Елтоқ Сәрсенбайұлының өнегелі өмірі мен ерлік істері, халқына еткен адал еңбегі, қайырымдылығы мен емшілік қасиеттері туралы баяндалып, таныстырылды. Кеш барысында қатысушылар тарапынан ел қорғаны болған Елтоқ Сәрсенбайұлының есімін ұлықтау мақсатында, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттық рухта тәрбиелеу, құрметтеуге бағытталған шаралар мен бірге аудандағы көшеге атаның есімін беру туралы пікірлерін білдірді.Кешке қатысушы жасөспірімдерге Елтоқ Сәрсенбайұлының өмірі мен өнегесі туралы кітапхана қоры негізінде жасақталған көрме таныстырылды.

Гүлшашқан Исаева,
Ересектерді кітаппен қамту бөлімінің меңгерушісі.