Қазақстан халықаралық делегацияғамемлекеттік қызмет көрсету саласындағыцифрлық шешімдерді таныстырды

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясыжәне Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттікоргандарының өкілдері мемлекеттік қызметкөрсету саласындағы Қазақстанныңтәжірибесімен танысу мақсатында«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттіккорпорациясына келді.
Кездесу тәжірибе алмасу форматында өтті. Тараптар көші-қон қызметтерін цифрландырудыңзаманауи тәсілдерін, жеке тұлғаны сәйкестендірумәселелерін және мемлекеттік сервистерді дамытубағыттарын талқылады. Сондай-ақ қонақтарғабүгінде Қазақстанда қолданылып жүрген цифрлықшешімдер таныстырылды.
Сапар барысында делегация мүшелерінепаспорттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу үдерісі – өтініш беруден және деректерді тексеруден бастапдайын құжатты алғанға дейінгі барлық кезеңдеркөрсетілді.
Сонымен қатар делегация мүшелері жекекуәлік немесе паспорт алуға өтінімді өз бетіншеберуге мүмкіндік беретін құжаттандырутерминалының жұмысымен танысты. Қатысушыларға оның жұмыс істеу тәртібі мендербес деректерді тексеруде қолданылатынтехнологиялар туралы ақпарат берілді.
«Мемлекеттік қызметтерді жетілдірудегімаңызды бағыттардың бірі – халықаралықынтымақтастықты дамыту. Мұндай кездесулертәжірибе алмасуға, кәсіби әріптестіктінығайтуға және азаматтарға көрсетілетінқызметтердің сапасын арттыруға бағытталғантиімді шешімдерді енгізуге ықпал етеді. Бұғандейін Корея Республикасында ынтымақтастықтуралы меморандумға қол қойдық. Бұл құжатбірлескен жобаларды іске асыруға және өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктерашады. Бүгінгі кездесу халықаралық серіктестіктінығайтуға және мемлекеттік қызмет көрсетужүйесін одан әрі жетілдіруге тағы бір маңыздықадам болады деп сенемін», – деді «Азаматтарғаарналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыБасқарма төрағасы Арман Кенжегалиев.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылархалықаралық тәжірибе алмасудың маңыздылығынатап өтіп, цифрлық мемлекеттік қызметтердідамыту бағытындағы ынтымақтастықты одан әріжалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.




