Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл (экстренді) және жоспарлы стоматологиялық көмек

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл (экстренді) және жоспарлы стоматологиялық көмек Ақтөбе облыстық балалар стоматологиялық емханасы және оның филиалында МӘМС шеңберінде көрсетіледі.
Жыл сайын жазғы демалыстың соңында, оқу жылы басталар алдында Балалар стоматологиялық емханасының қызметтеріне сұраныстың артуы байқалып отыр. Бұл кезеңде профилактикалық тексеруден өту, ауыз қуысын санациялау және қажетті емді оқу жылы басталғанға дейін аяқтаумақсатында жүгінетіндер саны айтарлықтайкөбейеді. Күніне орта есеппен 130-дан астампациент терапиялық, 65-тен астам пациент хирургиялық стоматологиялық көмек алады. Осыған байланысты қысқа мерзім ішіндедәрігерлерге түсетін жүктеме артады.
Негізінен, балаларды стоматологиялық көмек алуүшін МӘМС аясында Әлеуметтік медициналықсақтандыру қорының медициналық қызметтердіжеткізушілері ретінде танылатын басқа да медициналық ұйымдарға да апаруға болады:
1. «Diamond Dent» ЖШС
2. «BZ Холдинг» ЖШС
3. «Ай-алтын» ЖШС
4. «Меда-Актобе» ЖШС
5. «Медикер Илек» ЖШС
6. «Орынбасаров Нурхан Нартаевич» ЖШС
7. «ТТ и К» ЖШС
8. «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК
9. ARUDENT ЖК
10. «Айгуль» клиникасы» ЖШС
11. «Амина и Али» ЖШС
12. «Almash Life» ЖШС
13. «Медикус центр» медициналық мекемесі
Бұдан өзге, ата-аналар тарапынан балаларыныңтісін емдетуге қатысты қандай да бір мәселелердіжеке тәртіпте қарау және шешу үшін емхананыңПациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге болады.




