Ақтөбе облысында МӘМС жүйесімен қамтуды арттыружұмыстары жалғасуда

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбеоблысы бойынша филиалы Мемлекет басшысыныңтапсырмасын орындау аясында міндетті әлеуметтікмедициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесімен халықтықамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.

Өңірде сақтандырылған азаматтардың үлесін арттыру, сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтардың себептерін анықтаужәне оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдаумақсатында өңірлік және аудандық штабтардың қызметіұйымдастырылған.

2026 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Ақтөбеоблысында сақтандырылмаған азаматтар саны 108 803 адамды құрайды. Сонымен қатар бұл көрсеткіштің өсуібайқалады: ағымдағы жылдың 6 сәуірімен салыстырғандасақтандырылмаған тіркелген тұлғалар саны 4 562 адамғанемесе 4,4%-ға артқан.

Сақтандырылмаған азаматтар санының ең жоғары өсіміАқтөбе қаласында, сондай-ақ Хромтау және Шалқараудандарында тіркелген.

Қорда атап өткендей, МӘМС жүйесімен қамтуды арттыружұмыстары барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тарта отырып жүйелі түрде жалғасады. Сондай-ақ халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесінің артықшылықтары туралы ақпараттандыруға жәнеазаматтардың медициналық қызметтерге толыққолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.