Ақтөбе облысында 2026 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу жұмыстары аяқталды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы медициналық көмекті сатып алу және төлеубөлімінің 2026 жылдың 4 айындағы жұмысқорытындыларын шығарды.

Есепті кезеңде негізгі назар медициналыққызметтерді уақтылы сатып алуға және өңірдегімедициналық ұйымдарды кепілдендірілген тегінмедициналық көмек көлемі (ТМККК) мен міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында үздіксіз қаржыландырудықамтамасыз етуге аударылды.

2026 жылға арналған медициналық көмекті сатыпалу қорытындысы бойынша 85 медициналыққызмет жеткізушімен жалпы сомасы 116,7 млрд теңгеге шарттар жасалды. Жасалған шарттархалықты медициналық қызметтердің түрлібағыттары бойынша қажетті көлемде қамтамасызетуге мүмкіндік береді.

Медициналық көмектің қолжетімділігін арттыружәне қосымша жеткізушілерді тарту мақсатындафилиал тарапынан төрт қосымша тендер өткізілді:

стационарлық жағдайдағы мамандандырылғанмедициналық көмек;
стационарды алмастыратын жағдайдағымамандандырылған медициналық көмек;
амбулаториялық жағдайдағы консультациялық-диагностикалық көмек;
медициналық оңалту.

Сонымен қатар 2025 жылы көрсетілгенмедициналық қызметтер бойынша қаржылық есепайырысуларды аяқтау жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың желтоқсан айын жабу жұмыстары 2026 жылғы 24 ақпанда аяқталды. Төлем 87 медициналық қызмет жеткізушіге жалпы сомасы5,4 млрд теңгеден астам көлемде жүргізілді.

Қорда атап өтілгендей, сатып алу рәсімдері мен жеткізушілермен есеп айырысуларды уақтылыжүргізу денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтыжұмыс істеуінің және халыққа сапалы әріқолжетімді медициналық көмектің көрсетілуініңмаңызды шарты болып табылады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы медициналық қызметтерді сатып алу және төлеутетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмысынжалғастыруда. Бұл МӘМС және ТМККК қаражатын тиімді пайдалануға және халықтықажетті медициналық қызметтермен толық қамтуғабағытталған.