Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда

Ақтөбе облысында қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және табиғатты
құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан»
жалпыұлттық акциясы жалғасуда. Жуырда Қобда ауданы Қобда ауылында
сенбілік өтті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты табиғатқа құрметпен қарауды және
қоршаған ортаны қорғауды насихаттау, сонымен қатар жергілікті
тұрғындардың экологиялық санасын қалыптастырып, экологиялық мәдениет
деңгейін арттыру үшін күш-жігерін біріктіру. Акцияға қатысқан Қобда
ауылының тұрғындары, оның ішінде белсенді азаматтар, жастар мен
жергілікті мекеме қызметкерлері аумақты қоқыс пен жапырақтардан
тазартып, ауылдың көркін жақсартты.
Ақтөбе облысында мұндай іс-шараларды ұйымдастыру экологиялық сананы
қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Өйткені әрбір ұсақ-түйек маңызды.
Акцияға қатысушылар еңбектерінің зая кетпей, туған жеріне, адамдардың
санасына оң өзгерістер әкелетініне сенім білдірді.