Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады

Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысында қаралды.

Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскеназаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары БақытНұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

«Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Ондаеліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдарболатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді ол.

Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылыммен инновацияны дамыту мемлекет қызметініңстратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары: «Бұлжаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаныңқолдануына ие болды», – деді.

https://t.me/konstituciyalikreforma