Жылыту қазандықтарының техникалық жағдайын бақылау.

«AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Жанин және аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссия мүшесі Нұрлан Ахметов Қопа ауылдық округінің Қопа орта мектебі және Ақтан жырау негізгі мектебінің жылыту қазандықтарының техникалық жағдайын бақылап, жұмыстарын тексерді. Партиялық бақылау комиссия құрамы тексеру барысында қазандықтардың жұмыс істеу жағдайы, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі және жылу жүйесінің жалпы күйі қаралды. Алдағы уақытта мектептердің жылу мәселесі партиялық бақылау комиссиясының назарында болады.