Президент бастамаларына қолдау пікірі

Президенттің Құрылтай жиналысында сөйлеген сөзі ел дамуының алдағы кезеңіне арналған нақты бағыт-бағдарды айқындады. Ұлттық бірлік, әділетті қоғам қалыптастыру, заң мен тәртіпті нығайту мәселелері бүгінгі қоғам үшін аса өзекті.

Байғанин аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының әлеуметтік әділдік, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлерді тең дамыту жөніндегі бастамаларын толық қолдайды. Бұл – заман талабына сай, жүйелі әрі сабақтастыққа негізделген саясат.

Құрылтайда айтылған жастар тәрбиесі, отансүйгіштік рухты күшейту және ұлттық құндылықтарды сақтау туралы ойлар аға буын ұстанымымен үндес. Елдің берік болашағы ұрпақтар сабақтастығы мен ортақ жауапкершілікке негізделуі тиіс.

Қорытындылай келе, Президенттің сөзі қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдырып, ел болашағына деген сенімді арттырды. Ардагерлер қауымы Мемлекет басшысының бастамаларын қолдап, ел бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға үлес қоса береді.
Қ.Әлжан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы