Президенттің 2024 жылғы Жолдауы:

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Қазақстан «Заң мен тәртіптің» кешенді әрі тиімді жүйесін құруға ұмтылуда

Заң мен тәртіп – мемлекеттің берік негізі. Президенттің 2024 жылғы Жолдауында айтылған міндеттердің бірі де осы бағытқа арналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда қылмыстар саны 13%-ға азайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Мұндай жетістік кездейсоқ емес. Өйткені күн сайын тәртіп сақшылары елдің әрбір қаласы мен ауылында қоғамдық тыныштықты күзетеді. Қылмыстардың алдын алу үшін 15 мыңнан астам патрульдік бағыт жасалып, бұрын сотталған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтар да айтарлықтай азайды. Кісі өлтіру, ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстардың төмендеуі – елдің қауіпсіздік деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұған қоса, полиция он мыңнан астам қылмысты ашқан. Бұның барлығы әр азаматтың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі еңбектің жемісі. Ақтөбе облысында да қылмыстардың алдын алу, қоғамдық орындарды бақылау, халықпен тікелей жұмыс істеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл – Жолдаудың нақты іске асуының дәлелі.

Балпеисова Светлана, медиатор