Таза Қазақстан – ортақ міндет

Жолдау 2024 бізге бір маңызды ой салады – табиғатты сақтау тек мемлекет немесе арнайы ұйымдардың ісі емес, әрбір азаматтың борышы. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау – ол таза ауа, таза су, жасыл орман, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдыратын байлық.

Мемлекет «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қабылдап, экологиялық мәдениетті арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Бірақ қағаздағы бағдарлама халықтың күнделікті әдетіне айналмаса, нәтиже аз болады. Біз кішкентай істерден бастай аламыз: қоқысты бөлектеу, суды босқа төкпеу, ағаш отырғызу, қоғамдық орындарды таза ұстау. Осындай қарапайым әрекеттер бүкіл елдің мәдениетін қалыптастырады.

Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Шаңдыбай Мейірболат Айдосұлы