САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ ДАЙЫН

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңыздыоқиғаҚазақстан Республикасы Құрылтайыныңдепутаттарын сайлау күні жақындап қалды. Бүгіндеаталған саяси науқанды жоғары деңгейдеұйымдастыру мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Байғанин ауданында да қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұлдайындық шаралары заң шеңберінде нақтыбекітілген кестеге сай атқарылуда.

«Құрылтай депутаттарының сайлауынадайындық жұмыстары Орталық сайлаукомиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚазақстанРеспубликасы Құрылтайының депутаттарынсайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы№26/41 қаулысына сәйкес қатаң түрде жүргізіліпжатыр»,деп атап өтті Байғанин аудандықсайлау комиссиясының төрағасы ЖанболатЖанесенұлы.

Саяси науқанның аудан аумағында заңды әрі ашықөтуін қамтамасыз ету үшін үлкен күшжұмылдырылған. Құрылтай депутаттарыныңсайлауын ұйымдастырып, өткізуге аудан бойынша1 аумақтық және 23 учаскелік сайлаукомиссиясының құрамы толықтай қатысады. Қазіргі таңда сайлауды өткізуге қажеттіматериалдық-техникалық жарақтандыружұмыстары толық аяқталып, учаскелер қажеттіқұрал-жабдықтармен қамтылған.

Қазіргі уақыттағы ең маңызды кезеңдердің бірісайлаушылар тізімін нақтылау. Бұл процесс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 26-1-бабы 1-тармағының талаптарына сайжүруде. Заң бойынша, әрбір сайлау учаскесібойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкімдауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына ұсынуытиіс. Осыған орай, ағымдағы жылдың 2 тамызыкүні сайлаушылар тізімдерін учаскелік сайлаукомиссиялары акт бойынша қабылдап алады.

Ал аудан тұрғындары өздерінің сайлаушылартізімінде бар-жоғын заң аясында тексере алады.

«Сайлау туралы заңның 26-бабы 1-тармағына сәйкес, азаматтардың тұрғылықты жерібойынша құрылған сайлау учаскелеріндегісайлаушылардың тізімдері дауыс беру күнінен он бес күн бұрын ұсынылады. Сондықтан, аудантұрғындары 2026 жылдың 7 тамызынан бастапөздері туралы деректермен сайлау округі бойыншаорналасқан тиісті сайлау учаскесіне барып, таныса алады»,деді Жанболат Жанесенұлысайлаушылардың өз құқықтарын қорғаумаңыздылығын түсіндіре отырып.

Сайлау барысында азаматтардың, соның ішіндеерекше қажеттіліктері бар жандардың дауыс беру құқығын шектеусіз пайдалануына баса назараударылған. Аудан бойынша мүгедектігі бар 62 азамат есепте тұр. Олардың кедергісіз дауыс беруіүшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Мәселен, аудандағы дауыс беруге арналған барлықүй-жайлар ғимараттардың бірінші қабатындаорналасқан, бұл мүмкіндігі шектеулі жандардыңқол жетімділігін толық қамтамасыз етеді. Денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтыназаматтар үшін үйден дауыс беру процесі де заңның 41-бабы 6-тармағына сәйкес тиісті деңгейдеұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, аудандық сайлау комиссиясыныңтөрағасы жастарды ынталандыру мәселесіне де тоқталып өтті:

«Сайлау комиссиясысайлауды әзірлеу мен өткізуді тікелей ұйымдастыратын мемлекеттікорган. Алғаш рет дауыс беретін жастарғаарналған ынталандыру шаралары сайлаукомиссиясының заңды өкілеттігіне кірмейді. Дегенмен, біз үшін дауыс беру қабілеті бар әрбірсайлаушының өз таңдауын жасап, саяси құқығынпайдаланғаны маңызды»,деді комиссия басшысы.

Байғанин ауданы маңызды саяси науқанды жоғарыұйымдастырушылық деңгейде өткізуге толықтайәзір. Ендігі кезекаудан тұрғындарыныңбелсенділігінде.