ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
«AMANAT» партиясы Байғанин аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Жанин, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Раушанов, аудандық мәслихат төрағасы, Саяси кеңес мүшесі Марғұлан Сержанұлы, аудандық мәслихатының депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Нұрлан Ахметов, Саяси кеңес мүшесі, қоғамдық кеңес төрағасы Бауыржан Тәжімұратов, партиялық бақылау комиссия төрағасы Нұрлыгүл Сарыбаева Қарауылкелді ауылында салынып жатқан ІІ типті 2 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Жауапты мердігер «Orda service group» ЖШС.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы құны 847 млн 331,0 мың теңге.
Мониторинг барысында өрт сөндіру депосы кешенінің құрылыс жұмысын сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді.





