Облыстық мәслихат депутаттары келді
Сейсенбі күні облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева бастаған бір топ депутаттар ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді. Халық қалауыларымен бірге аудан әкімі Айбек Көпенов бірнеше ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Ауданда атқарылған жұмыстар аз емес. Қордаланған мәселелер де жоқ емес. Осыған орай, аудан әкімі А.Көпенов аяқталмаған жобалар мен апаттық жағдайдағы әлеуметтік нысандардың жай – күйімен таныстырып, қолдау қажеттігін алға тартты.
Аудан активімен өткен кездесу жиынында «Amanat» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов партияның аудандық филиалына Гүлжан Қонаеваны тағайындады. Сондай-ақ, аудан әкімінің №102 өкімімен Руслан Обаев аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Үшінші орынбасар ауылшаруашылық, құрылыс, коммуналдық қызмет және т.б салалар бойынша жұмыстанатын болады.
«Жем – Сағыз» ақпарат.