Мұғалім пікірі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты мақаласы – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын, қоғамның барлық саласына нақты бағдар беретін маңызды құжат деп есептеймін.
Мақалада айтылған білім беру сапасын арттыру, жастардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заманауи жаңғыруға ұмтылу мәселелері біз, ұстаздар қауымы үшін аса өзекті. Себебі болашақтың іргесін қалайтын ұрпақты тәрбиелеу – тікелей мұғалімнің жауапкершілігінде.
Президент ұсынған реформалар білім беру жүйесін жетілдіруге, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға және заман талабына сай маман даярлауға зор мүмкіндік береді. Бұл бастамалар әрбір ұстазды кәсіби тұрғыда дамуға, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге ынталандырады.
Біз, мұғалімдер, аталған жаңғыру үдерістеріне белсене қатысып, ел дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Ақторғын Алдабергенова Тұрақбайқызы
Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мұғалімі
