Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде ҚҚС бойынша мөлшерлеме саралануы тиістігін, салық-бюджет реформасын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесіне қатысты шешімді жан-жақты талдап, экономикалық процестерді ескере отырып қабылдауы – биліктің халықпен және бизнес қауымдастығымен ашық диалог жүргізуге дайындығын көрсетеді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асырылуының дәлелі. Экономикалық шешімдер азаматтардың әл-ауқатына тікелей әсер ететіндіктен, оларды қабылдау барысында қоғамның сұраныстары мен қажеттіліктерін ескеру өте маңызды. Егер Үкімет реформаны дұрыс жүргізсе, бұл Қазақстан экономикасының тұрақтылығын нығайтып, халықтың мемлекеттік басқаруға деген сенімін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, ашықтық пен қоғаммен белсенді кері байланыс салық реформасының әділетті және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан үшін бұл бастама экономикалық өсімді жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді құрал бола алады.
Өскінов Нұрдаулет