✅Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

🔹«Байғанин балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылғы мамыр айында басталды.

Жобаның жалпы құны — 304,2 млн теңге.
Мердігер мекеме — «Орхан Иншаат» ЖШС. Жұмыстардың аяқталу мерзімі — 4 ай.

🔹1987 жылы салынып, қаншама чемпиондарды шығарған спорт мектебіне осыған дейін үлкен ауқымда күрделі жөндеу жасалмаған болатын.
Қазіргі уақытта шатыр мен сыртқы қабырға металл сайдингпен қапталды. Терезелер толық ауыстырылып, ішкі сылақ, есіктерді алмастыру, брусчатка төсеу,қоршау орнату және спорт алаңын салу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі Айбек Көпенов спорт мектебінің басшысына құрылыс сапасы мен мерзімін қадағалауды жүктеді.
Сонымен қатар, аудан әкімі спорт мектебі алдынан “Спортшылар Аллеясын” ашуды ұсынды.
Нысанды 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.