Қоғамдағы талаптың тағы бірі – жат мәдени модельдер мен мінез-құлық нормаларын күштеп енгізу әрекеттеріне деген алаңдаушылық.
Сондықтан Конституцияда некенің ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқылы одағы екендігі алғаш рет бекітіледі. Мұндай шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған. Екінші жағынан, бұл әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтеді. Бұл, яғни, әйелдердің құқығын қорғау – кейінгі жылдардағы қоғамдағы үлкен талап-сұраныстың бірі. Жаңа Конституция осыған да жауап береді. Сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды қорғау адам құқықтарына қарсы емес, керісінше, олармен үйлесімді ұштасып отыр деп есептеймін.
Даурен Нұрлыбекұлы
Аудандық мәслихат депутаты