«Ақтөбе – достық мекені»
- «Ақтөбе – достық мек«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне орайластырылған сенбілік осылай аталды.
Бұл күні сенбілікке шыққан облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» және «Рухани жаңғыру» мекемелерінің қызметкерлері «Достық» саябағын тазалады.«Қоғамдық келісім» мекемесінің төрағасы Дариға Есмағамбетованың айтуынша, сенбілік барысында ұжым қызметкерлерінің бір тобы Ақтөбеде тұратын тыл ардагері Любовь Савельеваның үйін, ауласын тазалады.
Қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің мүшелері 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнін қала тазалығына арнады.
«Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Анастасия Бошкованың айтуынша, сенбілік тұрғындарды тазалыққа үйретіп, еңбекке баулып қана қоймай, татулық пен бірлікті насихаттайды. Сондай-ақ ол отандастарын мемлекеттік тілде Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтап, «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қаламыз көркейе берсін!» – деді.
— Мен «Вайнах» шешен этно-мәдени бірлестігінің жастар қанатының мүшесімін. Сенбілікке үнемі қатысамын. Еңбек етуден қашпаймын. Әрі қаламыздың таза, әдемі болғанын қалаймын. Соған үлес қосқаныма қуанамын. Өткен аптада әкем екеуміз осы аумақты тазаладық. Бүгін өзім келдім, – дейді 3-орта мектептің 8-сынып оқушысы Ахмед Межидов.
— Тазалықты бәрі жақсы көреді. Ендеше ақтөбеліктерді жүрген жерімізді ластамай, керісінше қала тазалығына жұмыла атсалысуға шақырамын, – дейді Қазақстандағы кәрістер ассоциациясының облыстық филиалының төрағасы Юрий Шек.
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.