ӘКЕЛІ-БАЛАЛЫ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ
Біздің түсінігімізде, тәртіп сақшысы – бейбіт күніміз бен ашық аспанымыздың тыныштығын қадағалап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдағы тұрақтылықты қалыптастыратын жан. Қызығынан қаупі басым, тыныштығынан тынымсыздығы көп полиция болуды таңдаған бүгінгі кейіпкерлеріміз Жалғас және Аянбек Жаулыбаевтар: «Жауапкершілігі мол қызметте «тәртіп сақшысы» деген атты кір келтірмей алып жүру үшін ең басты міндет – адал қызмет», — дейді.
Полиция әкенің бұл салаға келуі — өз таңдауы. 1959 жылы Қызылбұлақ селолық округіне қарасты Жаңатаң аулында дүниеге келіп, Жем орта мектебін бітіреді. Екі жыл әскер қатарында әскери борышын өтеп келгеннен кейін 1981-1983 жылдары «Қарауылкелді» совхозында жұмысшы болып жүріп, Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің жол полициясына қызметке ауысады. Содан бері қарай 23 жыл осы салада үздіксіз қызмет етіп, абыроймен зейнетке шыққан.
—Полиция қызметкері болу үшін білім де, білек те, білік те керек. Сабыр мен төзім, қажыр-қайратпен қоса, шыдамдылық, тез шешім қабылдай алатын әрекеттілік, ұстамдылық керек. Адамдармен тіл табыса алу да маңызды. Тәртіп сақшысының қызмет бабында немқұрайлылық, ұқыпсыздық, білімсіздікке бой алдыруға, адами тұрғыдан қателікке жол беруге қақысы жоқ. Өйткені ол – Қазақстан Республикасының халқына құқықтық қызмет етуші тұлға. Олай болмаған жағдайда, полиция қызметкерінің қоғамдағы салмағы кеміп, беделі мен абыройына нұқсан келері хақ, — дейді Жалғас Жаулыбаев. Әңгіме барысында ол бұл қызметте жүрген кезде басынан өткен бір оқиғамен де бөлісе кетті.
-Әлі есімде, бұл күн 1994 жылдың 7 мамыры еді. Сол күні кезекшілікте тұрған кезімізде
«аудан аумағында бірнеше адам өлімі болды» деген хабарлама келіп түсті. Сол хабарлама бойынша ішкі істер бөлімінен арнайы топ жіберді. Мен де сол кездегі әкімнің көлігімен жолға шықтым. Бара жатқан жолда алдымыздан екі атты қылмыскер шықты. Барлық әскерилер қоршап тұрған кезінде мен ортаға шығып, қылмыскерлерді сөзге тартып, қолындағы қаруын тартып алып, құрықтадым. Сол оқиғадан кейін аудан территориясында төрт адамды өлтірген қауіпті қылмыскерді ұстағаным үшін аудан әкімінің шешімімен маған сыйлыққа автокөлік берілген болатын, — деп өткенді де еске алды кейіпкер.
Балаларының мамандық таңдауына жол көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, ақыл-кеңесін айтып
отырғанының нәтижесі болар, ұлы Аянбек осы саланы таңдады. Ол үшін қуанышты екенін, алдағы уақытта ұлының қызметіне адал болатынына, абыроймен атқаратынына сенімі мол екенін жеткізді. Болашақта да өз балаларының мамандық таңдауына қарсылығын білдірмегеніндей, немерелерінің де таңдауларын құрметтейтінін айтты. Өзінің тарапынан ақыл-кеңес пен қолдау болатынына да сендірді.
-Полиция жұмысының ауырлығы айтпаса да түсінікті. Осы қиын да қызықты қызметке
жан-тәніңмен беріліп, адал атқаруда отбасыңның қолдауы өте маңызды. Менің де
жұбайым әрдайым қолдау білдіріп, жұмыстың белгілі бір уақытқа негізделмегендігін
жақсы түсініп, үлкен түсіністік танытты. Бақытты отбасынан 6 бала өсіп-өрбіді. Ұядан ұшқан ұл мен қияға қонған қыздан 6 немере мен 11 жиен сүйіп отырған жайымыз бар, — деп ағынан жарылды ол.
Ал бала кезінен әкесінің қызметтік формасына қызығып өскен Аянбек те мамандық
таңдауда еш ойланбастан, әке жолын таңдапты. Алғаш жұмыс өтілін облыс орталығында
бастағанымен, туған жерге деген махаббат, ата-анаға деген сағыныш қызметін ауылында
жалғастыруға себеп болады. Әкесіне қолдау білдірген анасы сияқты Аянбектің де жары
бәріне түсіністікпен қараған.

-Полиция қызметкері – жан-жақты, кез келген уақытта төтенше жағдайға дайын
болуы керек. Жалпы бұл жұмыстың шет жағасын кішкентайымнан көріп өстім. Погон
таққан жанның қандай болуы керектігін де әкемнен үйрендім десем де болады. Маған
қайта жеңілдеу болған болар деп ойлаймын. Себебі алдымда үлгі алатын, ақыл айтатын,
бағыт сілтейтін жан бар. Бүгінде барынша әкемнің атына кір келтірмеуге, елге адал
қызмет етуге тырысып жүрмін, — деген Аянбек болашақта өз балалары да ата мен әкенің
жолын қуса, қарсы болмайтынын, тек өз әкесіндей бағыт-бағдар беретінін айтты.

Әйгерім ӘНУАРБЕК