Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жиын

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов «Аманат» партиясы облыстық филиалының ғимаратында аудан территориясында жұмыс жасайтын мұнай-газ және өндіріс саласындағы компания басшыларымен арнайы жиын өткізді. Күн тәртібінде аудан бюджетіне инвестиция тарту, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында елді мекендерге көмек көрсету мәселелері қаралды. Кездесуге «Сағыз Петролеум Компани», «Oil Reloading corp», «Лайнс Джамп», «Кул-Бас», «Қазақтүрікмұнай», «Қазахойл-Ақтөбе», «IC Petroleum», «Ұлы Қабырға», «АлтиесПетролеум Интернэшнл», «ALTAY RESOURCES», «QAZCEMENT INDUSTRIES» компанияларының басшылары қатысты. Компаниялар өз қызметтері бойынша ақпарат беріп, қосымша инвестиция мен әлеуметтік жобалар бойынша қатысуға, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстары мен жоспарларын берді. Екі тарап аудан әкімдігі мен бизнес өкілдері арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісімгекелді. Аудан әкімі Айбек Купенов өңірдің өркендеуі – тек мемлекеттік қолдау ғана емес, бизнестің де белсенділігіне байланысты екенінатап өтті.