Электр энергиясының тапшылығы қазірдің өзінде бар, мұндай жағдайда өндірістің дамуы туралы не айтуға болады? Егер Қазақстанда АЭС салынса, бұл еліміздің мақтанышы. Демек, біз осындай технологияларды қолдай аламыз, мамандарымыз бен ғылымымыз бар деген сөз. Біз қазірдің өзінде көп нәрсені импорттаймыз, тіпті электр энергиясын да. Бұл болмайды. Қазақстан үлкен ел, және стратегиялық ресурстармен өзін қамтамасыз етуі керек. Мен референдумды қолдаймын.
Абдуллина Кенжегүл,
еңбек ардагері