Референдум – еліміз үшін маңызды оқиға. Онда таңдауды Қазақстанның әрбір азаматы жасайды. Ядерлік полигон мен атом станциясын салыстырудың қажеті жоқ. Онда сынақтар жүргізілді, ал мұнда бейбіт атом туралы сөз болып отыр. Мұнда бәрі ғылыммен дәлелденген, технологиялар әлемнің түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Біз энергияны басқа елдерден сатып алған кезде, оларға тәуелдіміз. Бұл тәуелділіктен шығуымыз керек. АЭС осы мәселені шешуге көмектессе, салу керек деп ойлаймын.
Әжбенова Тәттігүл,
Медицина саласының ардагері