6 қазанда елімізде жалпы халықтық референдум өткізілмек. Ел болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат осы таңдауда болуы керек деп ойлаймын. АЭС бойынша қоғамдық талқылаулар өтіп, арнайы мамандар онда бәрін мұқият түсіндіріп, барлық сұрақтарға жауап беріліп жүр. Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл мәселе кеңінен жарияланды. Менің ойымша қорқыныш болмауы керек, әлемнің көп елдерінде бұл технологиялар тәжірибеде бар. Радиоактивті қалдықтар туралы алаңдаушылықтар болды, бірақ мамандар оның қайта өңделуінен жаңа отын үшін шикізат алынатынын айтуда. Сондықтан соңғы күмәндар жойылды, мен ― АЭС-ты қолдаймын!
Кәдірбаев Марлен,
белсенді жас