Референдум – еліміздің даму жолындағы шешуші қадамдардың бірі. Энергия тапшылығы мамандар тарапынан айтылып жүрген өзекті мәселе. Алдағы он жылдықта бұл мәселе әбден ушығады деген де болжам бар. Бүкіл Қазақстанды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қанша жел немесе күн электр станциясы қажет! Жекелеген кәсіпорындар мұндай көздерді пайдалансын, бірақ жалпы республикаға АЭС қажет. Бұл — қауіпсіздік мәселесі.
Мен Президенттің бастамасын қолдаймын. Ел болашағын ойлау бәріміздің парызымыз.
Қылауова Айболған,
аудан тұрғыны