Ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететін референдум шешімі біз бей-жай қарамауға тиіс тақырып. Әрине, атом саласы туралы толыққанды білетін арнайы маман емеспіз, бірақ жерімізде сарқылып бара жатқан энергия көздерінің жетіспеушілігіне ойласақ, АЭС салу керек деген байламға келеміз. Еліміздегі кез келген сауатты адам осы жолы талқылауға қатысып, өз даусын береді деген сенімдемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың АЭС салуды референдум арқылы талқылауға ұсынуы ең маңызды шешім. Біз осы маңызды мәселені бүкіл ел болып шешуге атсалысуымыз керек деп санаймын.
Арнайы мамандардың айтуынша АЭС салу бірқатар экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие. Жыл сайын өсіп келе жатқан энергия тапшылығын, Қазақстан үкіметі ресми түрде қабылдаған көміртексіз энергетикаға көшу бағытын ұстануы дұрыс деп ойлаймын.
Шара Қуанышқызы,
мемлекеттік қызмет ардагері