Еліміздегі Конституциялық нормаға сәйкес республикалық референдум өткізуді қолдаймын. Референдум бізге мемлекеттік маңызға ие проблемаларды халық болып талқылауға салуға мүмкіндік береді. Осы талқылауда қоғамның ойы ескеріліп, әр азамат өз пікірін білдіре алады.
Шет елдердің тәжірибесіне қарасақ қазіргі заманғы атом электр станциялары қауіпсіздік жүйелерінің алдыңғы қатарлы технологияларымен жабдықталған, олар халықаралық қатаң стандарттарға сәйкес келеді. Мамандардың айтуынша бұл көміртегі ізін азайтып қана қоймай, тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді. Референдум халықтың «Бізге АЭС қажет пе?», «Оның қандай артықшылықтары бар?», «Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?» деген сияқты маңызды сұрақтарға қатысты пікірін білуге мүмкіндік береді. Әрбір азаматтың пікірін ескеру маңызды. Біз алға жылжып, еліміздің және оның болашақ ұрпақтарының мүдделеріне қызмет ететін салмақты шешімдер қабылдауымыз керек.
Жұмабай Ақерке
белсенді жас