Еліміздегі Конституциялық нормаға сәйкес республикалық референдум өткізуді қолдаймын. Референдум бізге мемлекеттік маңызға ие проблемаларды халық болып талқылауға салуға мүмкіндік береді. Осы талқылауда қоғамның ойы ескеріліп, әр азамат өз пікірін білдіре алады.
Жас маман ретінде Президентіміздің бұл бастамасын қолдаймын. Өйткені біз ел болып АЭС салудың экономикалық салмағын сезініп, тиімділігін түсінуіміз керек. Біз жан-жақты саралап, зерттеп, зерделеп еліміздің болашағына тиімді шешімді шығарамыз деп сенемін. Өйткені қазір әлеуметтік желіде АЭС туралы қызу талқылаулар жүріп жатыр. Халқымыз БАҚ беттерінен арнайы мамандардың пікірлерімен де танысып, бір жақты шешімге келген де болар.
Мамандардың айтуынша Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ал мен еліміздің даму жолындағы әр бастаманы қолдауға дайынмын.
Толғанай Дыбысбаева,
жас маман.