Референдум еліміз үшін маңызды қадам. Ол әр азаматқа маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді.
Менің ойымша дамыған елдердің тәжірибесіндегі АЭС тақырыбы бізді де ойландыруы тиіс. Энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін атом энергиясын пайдалану еліміз үшін қажетті қадам.
Мамандардың айтуынша АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне, құрылыс кезінде 8 000 адамға дейін жаңа жұмыс орындарын және пайдалану кезеңінде 2 000 адамға дейін сапалы кадрларды құруға, АЭС салу кезінде 1 жұмыс орны экономиканың аралас салаларында 10-нан астам жұмыс орнын құрады. Сонымен қатар энергия тапшылығы мәселесінің алдын алу үшін де АЭС маңызды. Сондықтан референдумға барып, өз таңдауымды жасауға дайынмын.
Смадинова Гүлсая,
жас маман