«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»


«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалиция мүшелері облыстық мәслихат депутаты Естай Сисенбаев, облыстық ардагерлер бірлестігінің төрағасы Серік Ботағарин, өңірлік коалиция жетекшісі Нұржан Жанин және коалиция мүшесі Әлібек Бисенбаев Жаңатан ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында елде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту және Халықтық Конституция бастамасының маңызы кеңінен талқыланды. Коалиция өкілдері мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту, азаматтардың пікірін ескеру және елдің тұрақты дамуына бағытталған бастамалар туралы ақпарат берді.
Жаңатан ауылының тұрғындары өзекті мәселелерді көтеріп, ауылдың әлеуметтік дамуы, инфрақұрылым және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
. #референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң




