Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі (Ақтөбе облысы)

Қосымша

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

қтөбе облысы)

Жиі қойылатын сұрақ

Толық жауап

1.

Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) мемлекеттік гранттарды қалай алуға болады?

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ҮЕҰ мемлекеттік гранттарды алу үшін конкурсқа қатысуы қажет. Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ белгіленген мерзімде өтінім беріп, қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_

2.

Мұқтаж адамдарға көмектесетін қоғамдық ұйым ашқым келеді. Бірақ өз қаражатым жетпейді. Қоғамдық ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа қалай қатысуға болады?

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жергілікті атқарушы органдар және Ақтөбе қаласы, аудан әкімдіктері қаржыландырады. Құзырлы мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алулар порталында ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобаларды орындау бойынша сатып алу жөнінде конкурс жариялайды. Конкурсқа әділет органында тіркелген қоғамдық ұйым қатысуға құқылы. Сонымен қатар, қоғамдық ұйым міндетті түрде ҮЕҰ-дың республикалық дерекқор тізімінде болуы қажет. 

3.

Жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда, пәтерлерде және үйлерде мемлекеттік жалаушаларды орнатуға бола ма? Мүмкін болса, ережелер бар ма?

ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында:- Мемлекеттік ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің қалауы бойынша көтерілуі және орнатылуы мүмкін;- Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.Осылайша, заңнамада мемлекеттік туды тұрғын үйлерде және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың үй-жайларында пайдалануға тыйым салынбайды.:- Мемлекеттік Ту оның мөлшеріне қарамастан ұлттық стандартқа сай болуы тиіс;- Мемлекеттік Тудың бейнесін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды;- қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік тумен бірдей бола алмайды

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000258_

4.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты қандай?

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты – қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету.

5.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін пайдалануда қолданыстағы заңнама талаптарын бұзылған жағдайда, қандай жаза қолданылады?

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 418-бабы 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандар туралы заңнамасын бұза отырып пайдалану (орнату, орналастыру) – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

6.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қалай қатысуға болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

Қала және аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдеріне жолығып, келесі құжаттарды тапсырасыз.

1)     ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері.

7.

Қазақстан аумағындағы діни білім орындары мен жоғарғы оқу орындары қанша және қандай?

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ:

-Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Алматы қ – @nmu_kz

МЕДРЕСЕЛЕР:

1) Ақтөбе медресе колледжі – Ақтөбе облысы,Алға ауданы- @aktobe_medrese_kolledzhi
2) «ҺибатуллаТарази» медресесі – Тараз қаласы- @asyldin.kz
3) ӘбуХанифа медресе колледжі – Алматы қаласы- @abuhanifa_medrese
4) Сарыағаш медресе колледжі – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы- @saryagash_medrese
5) Орал медресе колледжі – БатысҚазақстан облысы, Орал қаласы- @oral.medrese
6) Үшқоңыр медресе колледжі – Алматы облысы, Жамбыл ауданы- @ushqonir_mk
7) Әбу Бәкір Сыддықмедресе колледжі – Павлодар қаласы- @medrese_pvl
8) Шымкент медресе колледжі – Шымкент қаласы- @shymkent_medrese
9) Астана медресе колледжі – Астана қаласы- @astana_medrese

8.

Діни сұрақтар туындаған кезде қайда хабарласа аламыз?

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығына өзіңіз келіп немесе сенім телефоны арқылы білікті теолог, психолог мамандардан тегін консультация ала аласыз. Сонымен қатар Іnstagram әлеуметтік желісі арқылы сауалыңызды қойып, жауап алуыңызға болады.

Сенім телефоны:8(7132) 741-707

Cенім телефоны: 8(776) 074 17 07(whatsapp)

@din_aktobe

@ansar_aqparat

9.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулағаннан кейін қандай шаралар қолданасыздар?

Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30

желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 25 бабына сәйкес, Қаңғыбас жануарлардың санын реттеу мемлекет,

жануарларды аулаумен, уақытша ұстаумен және жансыздандырумен айналысатын дара кәсіпкерлер және

мемлекеттік емес заңды тұлғалар жануарларды стерилизациялау, жайластыру, халыққа білім беру іс-

шараларын және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін

қабылдайтын шаралар кешенін білдіреді.

10.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды қандай жағдайларда жансыздандырады?

Қазақстан Республикасының Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ 15 бап 1 тармағына сәйкес, егер жануарлардың физикалық қиналуын өзгеше тәсілмен тоқтату мүмкін болмаса, жануарлардың физикалық қиналуын тоқтату үшін;

2) жануарлардың жаңа туған төлінде ауытқулар мен кемістіктердің анық білінген белгілері болып, ол тіршілік етуге қабілетсіз болған кезде;

3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жабайы жануарлардың санын реттеу мен аң аулау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу кезінде;

4) жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда;

5) адамның және жануарлардың саулығына қауіп төндіретін жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес жою кезінде жол беріледі.

11.

Ауыл шаруашылығы жануарларын қандай уақытта бірдейлендіруді жүргізу қажет?

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2015 ж.№7-1/68) қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары 14 (он төрт) жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіріледі: ірі қара мен ұсақ малдардың төлдері (бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар) – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін, құлындар – төрт айлық жасынан бастап таңбалау және туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін чиптеу жұмыстары жүргізіледі.

12.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзімде орман пайдалану қалай жүзеге асырылады?

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 31 бабының 1 тармағы және 1-1,  1-2 тармақтарына  сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімде орман пайдалану жұмыстары жүзеге асырылады.

13.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттарын алу үшін не істеу керек?

Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 36 – бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билетi мен орман билетi негiзiнде ғана жол берiледi.

14.

Ашық және жабық түрлеріндегі қоғамдық тыңдаулар қандай жағдайда жүзеге асырылады?

Қоғамдық тыңдаулар – бұл азаматтардың экология мен тұрақты даму мәселелері бойынша мемлекеттік шешімдерге қатысу мүмкіндігі. Олар ашық жиналыстар немесе онлайн жария талқылаулар түрінде өтеді.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді.

Жоспарланған іс-әрекет бірнеше өңірге әсер етсе: Әр облыс, қала, аудан немесе ауылда жеке тыңдау өтеді.

Егер жоспарланған іс-әрекет елді мекендерге тікелей әсер етпесе, тыңдаулар сол ауданға ең жақын елді мекенде өткізіледі.

Жоспарланған іс-әрекеттің бастамашысы қоғамдық тыңдаулар туралы хабарландыруды:

-Газетте, телеарнада немесе радиода жариялап, барлық тиісті өңірлерге таратуы керек.

-Қоғамдық орындарға (мысалы, халық көп жиналатын жерлерге) іліп қоюы қажет.

-Хабарландыруда жоба атауы, тыңдау уақыты мен орны, сондай-ақ ақпараттық жүйеге сілтеме көрсетілуі тиіс.

Қосымша рұқсат етілген басқа да тәсілдермен хабар таратуы мүмкін.

Қоғамдық тыңдауларды жергілікті әкімдік немесе әкім аппаратының төрағалығымен  өткізіледі және сол аумақта ұйымдастырылады.

Жиналысты төраға ашып, ережелерді түсіндіреді. Хатшы қатысушылардың дауысымен сайланады.Қатысушылар өз ұсыныстары мен ескертулерін регламентке сай айтады.Барлық пікірлер хаттамаға жазылады. Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер бөлек белгіленеді.Тыңдаулар аяқталған соң, хатшы хаттаманы дайындайды.Екі жұмыс күні ішінде хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды.

Жария талқылау түріндегі қоғамдық тыңдаулар келесі жағдайларда өтеді.

Бастамашы тыңдаулардан кемінде 5 жұмыс күні бұрын қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды.

Хабарландыру газетте, телеарнада, радиода және халық көп жүретін жерлерде ілінеді.

Онда бастамашының аты, жоба атауы, тыңдаудың уақыты, орны және ақпараттық жүйеге сілтеме болуы керек.

Ескертпелер мен ұсыныстар тыңдаудың соңғы күні 18:00-ге дейін қабылданады.

Тақырыпқа қатысы жоқ пікірлер арнайы белгімен бөлек тіркеледі.

Экология органының ұйымы барлық ұсыныстарды бір күн ішінде ақпараттық жүйеге енгізеді.

Тыңдау кезінде бастамашы түскен ұсыныстарға жауап береді.

Тыңдаудан кейін 2 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган өкілі хаттаманы рәсімдеп, электронды қолтаңбамен бекітеді.

15.

Ақпараттық субсидиялау жүйесі арқылы өтінім беру кезінде есептік нөмірін қалай аламыз?

Субсидиялар алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы№ 7-1/37 бұйрығы.Атап айтсақ есепке алу нөмірінің болуы (ауыл шаруашылығы кооперативін қоспағанда) 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетінқызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға                      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін беруге арналған өтініш жолдайды. Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, өндіріс объектісіне бұрын берілген есепке алу нөмірі туралы, өндіріс объектісіне ветеринариялық-санитариялық қорытындының бар-жоғы туралы, меншік құқығындағы тиісті үй-жайлардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің»шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

16.

Ауыл шаруашылығы  техникаларын сатып алу үшін қандай жеңілдіктер бар?

Ауыл шаруашылығын техникаларын  сатып алу үшін «ҚазагроҚаржы» АҚ арқылы жеңілдетілген лизингке 5% пен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мүмкіндігі бар.

17.

Тұрақтандыру қоры қандай мақсатта пайдаланады?

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімдеріне интервенция жасап, сауда сөрелеріне, нарық бағасынан 10-15% төмен, сатылымға шығарылады.

18.

Құрылысқа арналған рұқсат құжаттарының тізімі қандай?

Құрылыс жұмыстарын бастау және жүргізу үшін қажет негізгі рұқсат құжаттарының тізімі:

Жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттар (қаулы/шешім, жер актісі, меншік құқығы туралы куәлік немесе жалдау шарты);

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ);

Эскиздік жоба;

Инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар;

Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) және сараптама қорытындысы;

Құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) басталғаны туралы талон-хабарлама.

Жер учаскесіне құқық eGov.kz порталы арқылы рәсімделеді. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) жобалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажет. Жерге құқықты растайтын құжаттар негізінде беріледі. Қызмет онлайн режимде www.elicense.kz және www.gov.ggk.kz сайттары арқылы қала/аудан әкімдігімен көрсетіледі. Қарапайым объектілер үшін көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні, күрделі объектілер үшін – 17 жұмыс күні, негізделген бас тарту – 5 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін. Құжаттар толық болмаған немесе дұрыс толтырылмаған жағдайда, себептері көрсетілген негізделген бас тарту беріледі. Ескертулерді жойғаннан кейін қайта өтініш беруге болады.

Эскиздік жоба СЖТ негізінде әзірленеді. Қала/аудан сәулет бөлімінде келісуге жатады. Қарапайым объектілер үшін міндетті минимум болып табылады. Келісу мерзімі – 10 жұмыс күніне дейін.

Инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау, газдандыру, жылумен қамтамасыз ету, телекоммуникациялар жүйелеріне қосылу үшін қажет. Бұл құжаттар тиісті коммуналдық және энергиялық қызмет көрсетуші мекемелерден алынады.

Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жобалау ұйымымен әзірленеді. Техникалық жағынан күрделі объектілер үшін міндетті. Мемлекеттік немесе жекеменшік сараптамадан өтеді. Постановление №165 28.02.2015 сәйкес, үшінші деңгейлі техникалық тұрғыдан қарапайым объектілерге ЖСҚ және сараптама талап етілмейді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының (ҚМЖ) басталғаны туралы талон-хабарлама сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен беріледі. Бұл құжат ҚМЖ-ны бастауға құқықты растайды. Ол тек бақылауға жататын объектілерге қажет (эскиз бойынша қарапайым объектілер — ерекшелік).

Маңызды: техникалық жағынан қарапайым, үшінші деңгейлі жауапкершілігі бар объектілер үшін (мысалы, жеке тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар) ЖСҚ және сараптама талап етілмейді. Келісілген эскиз жеткілікті. Талон-хабарлама да қажет емес.

19.

Ақтөбе қаласында үлескерлік қаражатты тартуға рұқсаты бар қандай компаниялар бар?

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласында үлескерлердің қаражатын тартуға тек бір ғана құрылыс салушы компания – “Сартай Энерго Сервис” ЖШС рұқсат алған. Ол өз қызметін “К7 Engineering” ЖШС уәкілетті компаниясы арқылы жүзеге асырады.

Бұл рұқсат ҚР Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры – “Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры” АҚ және “Қазақстан Тұрғын үй компаниясы” АҚ тарапынан кепілдік беру шарты негізінде берілген.

Жоба:

«Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Батыс-2 шағын ауданы, 49-учаске мекенжайында көпқабатты тұрғын үйлер салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)»

– 1-кезең құрылысы.

20.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайда жүгінуге болады?

“Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету” қызметі Мемлекеттік қызмет болып табылады. Ол қызмет көрсетуге бөлінеді: стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайында.  Мемлекеттік қызметті қызмет алушы әлеуметтік қызметтер порталында Aleumet.gov.kz  ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен дербес ала алады немесе тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жүгіне алады.

21.

Жеке көмекші қызметтерін қалай алуға болады?

Мүгедектігі бар адамға жеке көмекшінің қызметтерін алу жеке абилитация және оңалту бағдарламасының (бұдан әрі-АОЖБ) негізінде жүргізіледі. Мүгедектігі бар адам АОЖБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін мүгедектігі бар адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде жеке көмекшінің қызмет көрсетушісін таңдайды (егер мүгедекте компьютер және басқа құралдар болмаса, онда ол осы мәселені шешуге көмектесетін консультанттары бар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіне алады) Әлеуметтік қызметтер порталында жеке көмекшінің қызмет көрсетушісін таңдағаннан кейін мүгедек жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға шарт жасасады.

22.

Атаулы әлеуметтік көмекті қалай алуға болады?

“Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау” мемлекеттік қызметті алу үшін :                                         1) тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал ауылдық жерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді  ;                                             2)”eGov.kz” порталына ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен   өтініш береді;                      3) проактивті көрсетілетін қызмет арқылы (өтінішсіз, 1414 СМС -хабарлама алғаннан кейн учаскелік комиссия материалдық жағдайына тексеру жүргізуге  келісім бергеннен кейін).

23.

Ақтөбе облысында тұрақты жұмысқа қалай орналасуға болады?

Сіз www.enbek.kz сайты арқылы республикадағы барлық жарияланған бос жұмыс орындарын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығын көру мүмкіндігімен тұрақты жұмысқа орналаса аласыз.

Мансап орталығының қызметкері бос лауазымға үміткерлерді кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлығы мен біліктілік деңгейін, тәжірибесі мен жұмыс дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытын ескере отырып, сондай-ақ бос жұмыс орнын тіркеу кезінде жұмыс берушілер белгілеген кандидаттарға қойылатын өзге де талаптар мен шарттарға сәйкес іріктейді.

Жұмыс іздеуші, жұмыссыз немесе өтініш берген басқа тұлға Мансап орталығынан лайықты жұмыс туралы ұсыныстарды алған кезде бір жұмыс күні ішінде қолма-қол немесе ұялы телефон арқылы мансап орталығына ұсынылған қолайлы жұмысқа келісімі немесе бас тартуы туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

Үміткерлер жарияланған бос жұмыс орнына жұмысқа орналасуға келісім берген жағдайда және кандидаттар үшін еңбек жағдайлары сақталған жағдайда, мансап орталығының маманы таңдалған кандидаттардың деректерін (резюмелерін) «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы бір жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жібереді.   Мансап орталығының маманы жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу уақыты мен орнын жұмыс берушімен келіседі.

Мансап орталығының маманы мобильді абоненттік құрылғы арқылы үміткерлерді жұмыс берушімен әңгімелесу уақыты мен орны туралы хабарлайды.

Жұмыссыз тұлға әңгімелесудің уақыты мен орны туралы мансап орталығы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыс берушіге жүгінеді.

Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа қабылдауға жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мансап орталығына жазбаша түрде немесе enbek.kz порталы арқылы «жеке кабинеті» арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

24.

Байланыс сапасына шағымды қалай жолдауға болады?

Егер сіз мобильді немесе интернет байланысының сапасына (төмен жылдамдық, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.) қатысты қиындықтарға тап болсаңыз, уәкілетті органға шағым жолдай аласыз.

Қайда жүгіну керек?

Шағымды келесі тәсілдердің бірі арқылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитетіне жолдай аласыз:

– «Электрондық үкімет» порталы арқылы – egov.kz;

– «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы – eotinish.kz;

– өз өңіріңіздегі байланыс жөніндегі Өңіраралық инспекцияға қағаз түрінде өтініш беру арқылы.

Шағымда не көрсету қажет?

Шағымды тиімді қарастыру үшін келесі мәліметтерді міндетті түрде көрсету қажет:

– мәселенің егжей-тегжейлі сипаттамасы: интернеттің баяу жұмыс істеуі, жиі үзіліс, әлсіз сигнал және т.б.;

– байланыс операторының атауы;

– проблема туындаған нақты мекенжай немесе аудан;

– Сіздің байланыс мәліметтеріңіз;

– абоненттік нөмірдің сіздің атыңызға тіркелгенін растайтын құжат;

– болған жағдайда – жылдамдықты тексеру нәтижелері немесе скриншоттар (мысалы, speedtest.net сайтынан).

Шағымнан кейін не болады?

Телекоммуникациялар комитеті байланыс операторына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындауы мүмкін. Бұл тексеріс Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Субъектілер мен объектілерді тексерулердің бірыңғай тізілімі арқылы жүргізіледі.

25.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай қорғауға болады?

ЭЦҚ – бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау – сіздің жауапкершілігіңіз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз:

1. ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз.

Электрондық пошта бұзылып, сіздің ЭЦҚ ұрлануы мүмкін.

2. ЭЦҚ-ны бөгде немесе бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз.

Мұндай құрылғыларда зиянды бағдарламалар болуы ықтимал.

3. ЭЦҚ-ны жеке компьютерде сақтамаңыз.

Қолтаңбаны сыртқы тасымалдағышта (мысалы, USB-флешкада) сақтау қауіпсізірек.

4. Күрделі құпиясөз орнатыңыз және оны ешкімге бермеңіз.

Құпиясөзіңізді үшінші тұлғаларға жариялау ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалануға жол ашады.

ЭЦҚ-ны қорғау – жеке деректеріңіздің және электрондық қызметтердегі қауіпсіздігіңіздің кепілі.

26.

Әкімдіктің Ахуалдық орталығы дегеніміз не және 109 қызметі қалай жұмыс істейді?

Ақтөбе облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы (АО) – бұл өңірдегі оқиғаларға нақты уақыт режимінде мониторингті, талдауды және жедел ден қоюды қамтамасыз ететін заманауи цифрлық платформа. Орталық 10 000-нан астам бейнекамералармен, қалалық техниканың GPS мониторингімен, коммуналдық қызметтермен, жобалық кеңсемен және 109 Бірыңғай диспетчерлік қызметпен (109 БДҚ) біріктірілген.

АО не істейді:

– 109 арқылы азаматтардың өтініштерін бақылайды және талдайды;

– Инциденттерге жауап береді және жауапты органдар үшін міндеттер қалыптастырады;

– Басқарудың ашықтығын және тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

– Төтенше жағдайлар кезінде (мысалы, су тасқыны, боран) жедел штаб ретінде әрекет етеді.

109 БДҚ – тұрғындармен бірыңғай кері байланыс нүктесі. Азаматтардың барлық өтініштері:

– АО – та автоматты түрде көрсетіледі;

– Түсуден бастап шешімге дейінгі барлық кезеңдерде бақыланады;

– Бейнебақылау және GPS деректерімен толықтырылған;

– Олар «қиындықтарды» анықтауға және қызметтерді жедел қосуға көмектеседі.

АО және 109 болуы азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған басқаруды практикалық цифрландырудың мысалы болып табылады.

27.

Инфрақұрылымды жүргізу түрінде қолдауды қалай алуға болады?

Ұлттық жоба шеңберінде ШОБ субъектілері объектісі аумағының шекарасына дейін жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу көзделген, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.

Инфрақұрылым түрлері: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.

Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасының құнынан және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасының құнынан 50% – дан аспауға тиіс.

Қолдау алу үшін құжаттарды (нысан бойынша өтінім, бизнес-жоспар, ТЭН және жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама, сараптамалық қорытынды, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі бойынша орындалған жұмыстардың актілері, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде шеккен шығыстар бойынша төлем шоттары) ұсыну қажет.

Толығырақ ақпарат алу үшін “кәсіпкерлік басқармасы” ММ-не Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша хабарласуды ұсынамыз.

28.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қандай санаттарға бөлінеді?

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері (ӘКС) Кәсіпкерлік кодексте көрсетілген бір немесе бірнеше шарттарға сәйкес төрт санатқа (бірінші, екінші, үшінші және төртінші) бөлінеді.

29.

Туризм саласын мемлекеттік қолдаудың қандай шаралары бар?

2022 жылдан бастап туризм саласында мемлекеттік қолдаудың осындай түрлері жұмыс істейді.

1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу жөніндегі шығындарының бір бөлігін өтеу (10%); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;

3) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, отыруға арналған сыйымдылығы сегіз орыннан асатын автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу (25%). Өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 маусымға дейін қабылданады;

4) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға жұмсаған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (ай сайын 83 300); өтінімдер жыл басынан бастап жыл сайын 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

30.

Ақтөбе облысында туризмнің қандай түрлері басым?

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында туризмнің келесі түрлері даму үшін басым болып табылады:

– экологиялық туризм (агротуризм) – бірегей табиғи объектілер: Қарғалы су қоймасы, “Қасқыр” сарқырамасы,” Немой ” ауыл (Қарғалы ауданы), “Аққұм” құмдары, “Ақтолағай” бор таулары (Байғанин ауданы), “Барқын” құмдары (Ойыл ауданы); “Аққайың” орманы (Мәртөк ауданы)

– мәдени-танымдық, киелі туризм-өңірдің тарихи және мәдени мұра объектілері, сондай-ақ Қазақстанның киелі картасына енген объектілер: “Қобыланды батыр” мемориалдық кешені, “Абат Байтақ” кесенесі, “Исатай батыр” кесенесі (Қобда ауданы), “Есет батыр” мемориалдық кешені (Алға ауданы).

31.

Автобустармен жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет?

Автобустармен және шағын автобустармен жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауға лицензия алу үшін:

  – Лицензия алуға өтініш.

  – Тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері (заңды тұлға немесе ЖК).

  – Көлік құралдарына арналған құжаттар.

  – Техникалық қызмет көрсету шарты.

  – Жүргізушілер туралы мәліметтер (біліктілік, медициналық анықтамалар).

  – Техникалық байқаудың және сақтандырудың болуы (жолаушылар мен көлік құралының алдында).

  – Сақтандыру шарттары.

  – Тахографты тексеру туралы Сертификат.

  – Тасымалдау қауіпсіздігінің жауапкершілігі туралы бұйрық.

Сіз құжаттарды келесі арқылы жібере аласыз egov.kz немесе халыққа қызмет көрсету орталығы.

32.

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені (қайықтар, гидроциклдер, желкенді кемелер) басқару құқығына куәлік алу үшін қандай құжаттар қажет және оны қайдан алуға болады?

Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін аккредиттелген орталықта оқудан өту, емтихан тапсыру, қажетті құжаттарды (паспорт, медициналық анықтама, оқу туралы сертификат) ұсыну және мемлекеттік бажды төлеу қажет.  

Сіз құжаттарды келесі арқылы жібере аласыз egov.kz немесе халыққа қызмет көрсету орталығы.

33.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында жол белгісін қалай орнатуға болады?

Дорожные знаки устанавливаются с учетом стандартов безопасности, проектируются на основе карт и схем, а их размещение должно обеспечивать видимость для водителей и пешеходов. Ответственность за установку лежит на государственных органах, а процесс включает проектирование, согласование, установку и регулярное обслуживание знаков.

Установка знаков регулируется законодательством, включая Закон РК “О дорожном движении” и СНиП 2.05.02-85.

Ссылки на Закон РК “О дорожном движении” можно найти на официальных правовых ресурсах, таких как сайт adilet.zan.kz.

34.

Автомобиль жолдарын салу, қайта құру және жөндеу кезінде қандай талаптар қойылады?

Ақтөбе облысының жолдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіздікті, беріктікті және ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін жолдарды жобалау, салу және пайдалану кезінде барлық стандарттар сақталған кезде жүргізіледі.

Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі талаптар ҚР “Жол қозғалысы туралы”, “көлік инфрақұрылымы туралы” Заңын, ҚНжЕ, ГОСТ және басқа да техникалық регламенттерді қоса алғанда, бірқатар нормативтік құжаттармен регламенттеледі.

“Жол қозғалысы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына және “көлік инфрақұрылымы туралы” Заңға сілтемелерді сайт сияқты ресми құқықтық ресурстардан табуға болады adilet.zan.kz.

35.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолына жанасудың техникалық шарттарын алу үшін не қажет?

Облыстық маңызы бар автомобиль жолына жанасуға техникалық шарттар алу үшін еркін нысандағы өтініш және Жол сызбасы қажет. Бұл схеманы ҚР Ішкі істер органдарымен де келісу қажет.

Өтінім тиісті мемлекеттік органға беріледі, келісілгеннен кейін жобалау, бекіту және құрылыс жұмыстары басталады.

Бұл процесс “жол қозғалысы туралы” Заң мен “көлік инфрақұрылымы туралы” Заңды қоса алғанда, бірқатар нормативтік актілермен, сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі бекіткен техникалық регламенттермен және стандарттармен реттеледі. Қазақстан Республикасының заңдарына сілтемелерді сайт сияқты ресми құқықтық ресурстардан табуға болады adilet.zan.kz.

36.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін қалай орналастыруға болады?

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:

1. Жолды пайдалануға жауапты органға өтініш беру.

2. Жол қауіпсіздігі талаптары мен стандарттарға сәйкестікті қамтитын жарнамалық құрылымды орнатуға техникалық шарттар мен келісімдер алу.

3. Қауіпсіздікті ескере отырып жарнаманы жобалау (белгілер мен жолдың басқа элементтерінің көрінуіне кедергі келтірмеу, жүргізушілерді алаңдатпау).

4. Алынған рұқсаттар мен нормаларға сәйкес жарнамалық құрылымды орнату.

Орналастыру процесінде заңнаманың, атап айтқанда, “жарнама туралы” ҚР Заңының және сыртқы жарнама объектілерін орналастыру ережелерінің талаптарын сақтау маңызды.

37.

Мен студентпін, жазғы уақытта уақытша жұмыс жасап, қаражат тапқым келеді.

Жастарға қандай жұмыс бар?

Жазғы мезгілде «Жасыл ел» жобасы арқылы уақытша жұмысқа тұруға болады. Жалақысы 160-180 мың теңге көлемінде. Ақтөбе қаласы Әйтеке би көшесі 39 ғимаратында «Жасыл ел» штабы орналасқан.

38.

Мен жұмыс жасаймын, отбасылымын. Бірақ жеке үйім жоқ. Сіздің басқарма арқылы жас мамандараға тұрғын үймен көмек бола ма?

Ақтөбе облысының жастары мен жас отбасыларын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында  «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы 42 жас, 2024 жылы 67 жас баспаналы болды.

Жалпы 2023-2024 жылдары «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау бағытында оң нәтижесін көрсетті.

Осыған байланысты, 2025 «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасы III кезеңін жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, қаржылық – экономикалық негіздемеге ведомстводан тыс сараптама жүргізу сатысында

39.

Жастарды қолдауға арналған қандай гранттар бар?

«Білім және ғылым», «мәдениет және өнер», «бизнес және кәсіп», «медиа», «ақпараттық технологиялар» және «волонтерлік» салаларындағы жастар бастамаларын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасы жүзеге асырылады. Жоба арқылы 3 млн. теңге көлемінде  10 қайтарымсыз грант беріледі (2025 жылға 30 млн.тг. қарастырылды).

40.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы ауылға қалай жұмысқа тұруға болады.

Бағдарламаға ауылдық жерлерде өмір сүру үшін және бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеу үшін келген қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қажетті мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері

Жобаға қатысушыларға мынадай әлеуметтік қолдау шарасы ұсынылады:
• 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;
* тұрғын үй сатып алуға немесе салуға аудан орталығында 2 500 АЕК, ауылдық елді мекенде 2 000 АЕК бюджеттік кредит бөлінеді.
Кредит 15 жылға беріледі. Міндетті шарт – ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеу.

41.

Отандық тауар өндірушілердің өнімді өткізу мақсатында тендерлерге, сатып алулар қайда өткізіледі?

Өткізілетін сатып алулар бойынша ақпарат және оларға тіркелу жөніндегі мәліметтер ұсынылған ресми интернет-ресурстар туралы ақпаратты ұсынамыз.

Мемлекеттік сатып алу порталы:

https://goszakup.gov.kz

Реестр NADLoc (жер қойнауын пайдаланушыларды сатып алу):

https://reestr.nadloc.kz/ru/page/static/default

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алу порталы:

https://zakup.sk.kz/#/ext

North Caspian Operating Company:

https://www.ncoc.kz/ru/

Karachaganak Petroleum Operating B.V.:

http://www.kpo.kz/ru/postavshchikam/registracija-v-baze-dannykh-postavshchikov-kpo.html

Теңізшевройл:

https://seoi.tengizchevroil.com/

Еуразиялық топ:

https://torgi.erg.kz/

https://e-port.kz

42.

Инвесторларға қандай мемлекеттік қолдау шаралары мен преференциялар көзделген?

Өңірде ашық және сындарлы диалогты қамтамасыз ететін инвесторларды қолдаудың көпдеңгейлі инфрақұрылымы қалыптастырылған.Инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың негізгі тетіктері – инвестициялық келісімшарттар, сондай-ақ арнайы және басым жобалар болып табылады. Инвестициялық келісімшарттың негізгі артықшылықтарына мыналар жатады:

кедендік баждардан босату, мемлекеттік заттай грант беру мүмкіндігі, шикізат пен материалдарды импорттау кезінде ҚҚС мөлшерлемесін 0%-ға дейін төмендету (5 жылға дейінгі мерзімге). Бұл ретте жоба жаңа өндірісті құруды, қолданыстағы өндірісті кеңейтуді және/немесе жаңартуды көздеуі тиіс. Басым жобалар бойынша қолдау шаралары: корпоративтік табыс салығы (КТС), жер салығы және мүлік салығы бойынша мөлшерлемелерді 0%-ға дейін төмендету, сондай-ақ заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беріледі. Арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде келесі жеңілдіктер мен преференциялар көзделген:

1) Заңды тұлғалар енгізген шикізат пен (немесе) материалдарды кедендік баждардан босату;

2) Дайын өнім құрамындағы тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату;

3) Көлік құралдары мен (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының, сондай-ақ олардың құрамдас бөліктерінің құрамындағы шикізат пен (немесе) материалдарды импорттау кезінде ҚҚС-тан босату.

43.

Индустриялық аймақта жобаларды жүзеге асыратын инвесторларға қандай артықшылықтар беріледі?

Индустриялық аймақтағы инвесторларға келесі артықшылықтар ұсынылады:

-Индустриялық аймақтың жұмыс істеу мерзімі ішінде жер телімін жалға беру және кейіннен сатып алу құқығымен қамтамасыз ету;

-Жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды индустриялық аймақ аумағында салу;

-Салалық шектеулердің болмауы;

-Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болып табылатын Уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасу мүмкіндігі;

-Басқарушы компаниялар үшін мүлік салығынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен 100% босатылу.

44.

«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында қандай жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған?

АЭА режимі шеңберінде әлеуетті инвесторлар үшін мынадай жеңілдіктер мен преференциялар көзделген:

1. Корпоративтік табыс салығынан босату;

2. АЭА аумағына өткізілетін тауарларға «0» ҚҚС ставкасы;

3. Жер және мүлік салығынан, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату;

(инвестициялық жобаларды іске асыруға сараланған тәсіл шеңберінде преференциялар беру мерзімдері А санаты – жобаның құны АЕК мөлшерінен 3 млн есеге дейін (немесе 10 350 млн теңгеге дейін), В санаты-жобаның құны АЕК мөлшерінен 3 млн еседен 14,5 млн есеге дейін (немесе 10 350 – ден 50 025 млн теңгеге дейін, С санаты-жобаның құны АЕК мөлшерінің 14,5 млн еселенген мөлшерінен (немесе 50 025 млн теңгеден)

4. Қатысушылардың орналастыруына немесе пайдалануына арналған тауарларды кедендік баждардан босату;

5. Квоталардан тыс және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту;

6. Жобаларды іске асыру үшін АЭА-да қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құру және кейіннен сатып алудың басым құқығымен АЭА-ны фукнизациялаудың бүкіл кезеңіне жер учаскесін жалға беру.

45.

Алтын өндіру үшін кен іздеушілік жұмыстарына рұқсат алуға болатынын естідік. Оларға қалай рұқсат алуға болады?

кен іздеушілік жұмыстары құм мен топырақты жуу жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ өзге де байланысты жұмыстарды қоса алғанда, қолмен немесе механикаландыру құралдарын және қуаты аз өзге де жабдықтарды қолдана отырып жүзеге асырылатын, шашыранды кен орындарында және техногендік сипаттағы кен орындарында бағалы металдар мен асыл тастарды кен іздеушілікпен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді көздейді.

Кен іздеушілікке лицензия алуға мүдделі тұлға облыстың индустриялық-инновациялық даму басқармасына бекітілген нысан бойынша жазбаша бойынша өтініш береді. Өтінішке қоса жалғанады:

– өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

– кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттеменің орындалуын растайтын құжаттың көшірмесі;

– өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

– өтінім беруші бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік жөніндегі жұмыстардың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;

– жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;

– кен іздеушілік жоспары.

Өтінішті қарау мерзімі – 7 жұмыс күні. Өтініш жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге кен іздеушілікке лицензия беріледі.

Кен іздеушілік үшін аумақтарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша облыстардың жергілікті атқарушы органдары айқындалады.

46.

Кең таралған пайдалы қазбаларды  (КТПҚ) өндіруге лицензия алғымыз келеді? Кімге жүгіну керек және қандай құжаттар қажет?

КТПҚ өндіруге лицензия Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) енгізілген кен орындары бойынша беріледі.

Кен орнын МЖҚҚББ-на қосу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ҚР ИИДМ) өтініш беріледі. МЖҚҚББ ҚР ИИДМ сайтында орналастырылған.

Кен орны МЖҚҚББ-на енгізілгеннен кейін өндіруге лицензия беруге Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасына (ИИДБ) өтініш беріледі. Өтініш белгіленген нысан бойынша беріледі және өтініш беруші туралы мәліметтерді, координаттары мен алаңы бар кен орнының сипаттамасын және лицензия мерзімін қамтуға тиіс. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) өтініш беруші туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;

2) картограмма, шолу схемасы, топоплан;

3) тау-кен жұмыстары жоспарының жобасы;

4) жою жоспарының жобасы;

5) КТПҚ ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеп;

6) сұратылып отырған жер қойнауы учаскесінде (оның бір бөлігінде) КСШ өндіретін жер қойнауын пайдаланушының келісімі;

7) өтініш берушіде салық берешегінің жоқтығы туралы салық органының анықтамасы (10 күн бұрын);

8) өтінім берілген жер қойнауы учаскесінде ҚПҚ ресурстарының жоқтығын растайтын «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінің қорытындысы.

Анықтама: Өтініш «Батысқазжерқойнауы» Геология департаментінде келісуден өтеді. Бұдан әрі өтініш беруші жобалау құжаттарын келіседі.

Тау-кен жұмыстарының жоспары Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен келісіледі.

Жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы (аттестатталған ұйымдар), ал ол жүргізілгеннен кейін – Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.

Өндіруге арналған лицензия жоғарыда көрсетілген келісімдердің оң қорытындылары мен мемлекеттік сараптамалар ұсынылғаннан кейін беріледі.

47.

Музей ашу жөнінде

Музей ашу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығына (әрі қарай -Бұйрық) сәйкес жүргізіледі. Бұйрықта мәдениет ұйымдары желілерінің ең төменгі мемлекеттік нормативтері бойынша «мұражайлар- мәдени-демалыс орындарында жауынгерлік және еңбектік даңқтар бөлмесі, қоғамдық бастамамен құрылған мұражай ұйымдаса алады, халық саны 5000 адамнан кем емес болғанда және экспонаттардың 1000 дана (негізгі қорда) болған жағдайда ашуға болады», деп көрсетілген.

Осы талаптарға сәйкес келген жағдайда музей ашу мәселесі қарастырылады.

48.

Ескерткіштерді орнату ұсыныстары

          Монументтік өнер құрылыстарын немесе ескерткіштерді орнату ұсыныстары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығы (әрі қарай – бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.

          Аталған бұйрыққа сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады. Мерейтойлар алғашқы жүз жылдықта – жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi.

          Мерейтой аясындағы ұсыныстар облыстық комиссияда қаралып, жинақталған құжаттар (ескерткіштің қаражаты, жер учаскесін бөлу туралы шешімі, облыстық комиссия хаттамасы) республикалық комиссияға жолданады.

          Республикалық комиссия ұсынысты қарап, Арнайы жоспарға енгізеді. Бұл жұмыстар ескерткішті орнатужоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылында жүргізіледі. Яғни, 2026 жылы мерейтойы аясында ескерткішорнатылуы жоспарланса, ұсыныс министрлікке 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жолданады.

          Арнайы жоспарға енгізілгеннен кейін мүсіншілер арасында құрылыстың үздік жұмыс жобаларынареспубликалық конкурс жарияланады. Конкурсқа ұсынылған жобалар облыстық комиссияда қаралып, республикалық комиссияда мақұлданады.

49.

Архивтен  анықтаманы қалай алуға болады?

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар  осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамына не “электрондық үкімет” www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.

11 (он бір) жұмыс күні ішінде.
       Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

      Құжаттар (мәліметтер) мемлекеттік сақтауда болмаған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқ екендігі туралы немесе сұранымды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жолданғандығы туралы жауап дайындайды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

50.

Аудандық мәдениет үйлерінде, клубтарда белгілі бір әртістің концертін ұйымдастыру үшін не істеу қажет? 

Продюсері немесе өкілі концерт өткізуге рұқсат алу мақсатында облыстық мәдениет басқармасына хат жолдауы тиіс. Хатта концерт бағдарламасы, репертуар, өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ жоспарланған маршруттар нақты көрсетілуі қажет. Әншінің репертуары мен орындағалы отырған әндерінің мазмұны ҚР «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес сараланып, келісімшарт жасау барысында барлық талаптар ескеріледі. Осыған байланысты аудандық мәдениет бөлімдеріне тиісті қарастыру үшін ресми хат жіберіледі.

Қосымша рұқсаттар мен келісімдерді алу мақсатында аудан әкімдігімен, ішкі саясат және мәдениет бөлімдерімен келісу қажет. Қажет болған жағдайда концерт барысында қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі және медициналық қызмет көрсету мәселелері полиция, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарымен бірлесе ұйымдастырылады.