Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
«Байғанин аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекемесі өз құзыреті шегінде, сыбайлас жемқорлықпен күрестің принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді және оны жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, жұмыстарды ұйымдастыру барысында аудандық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшалардың қозғалысына мониторинг жүргізеді.
Біздің ауданымыздың мектептеріне, балабақшаларына, ауруханаларына, жолдарына және басқа да бюджеттік жобаларына бөлінген бюджеттік қаражаттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету мақсатында «Ашық бюджеттер» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаласын орындалу барысын қадағалау, бақылау шараларын жүргізіп отырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізі тек қана нақты бақылау мен жазалауға ғана емес, сонымен бірге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі тәсілде де болуы керек. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралар:
1) қоғаммен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу идеясын және оны барлық жағдайларда хабарлау қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған халықпен ақпараттық жұмыс;
2) мемлекеттік құрылымдардың ашықтығын арттыру;
3) БАҚ тәуелсіздігі;
4) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру;
5) бюрократиялық процедураларды жеңілдету, оларды электронды түрде беру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында, «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында әңгімесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып әрдайым үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!
Н. Н. Сағызғалиев,
Байғанин аудандық қаржы бөлімінің бас маманы.