Батыр атындағы мектептің жүлдегерлері
Қ.Жазықов атындағы орта мектебінің оқушылары 2-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі орындармен оралды.
Атап айтар болсақ 3 сынып оқушылары Қазбекова Ақкөркем мен Ермұхамбет Еркемай «Сарысу өнімдері. Пайдасы мен зияны» тақырыбында, 6 сынып оқушылары Әлімбаева Бану мен Нұрлыбаева Аружан «Құрақ-таусылмас сыр, өшпес өнеге » тақырыбында өз жобаларын ұсынып, Көкшетау облысы, Щучье қаласына барып қорғап, жүлделі
ІІ – ІІІ орындарды иеленіп келді. Оқушыларды ғылыми бағытта баулып, тәрбиелеген тәжірибелі ұстаздар Еңсегенова Жаңылсын Есқуатқызы — бастауыш сынып мұғалімі, Шырдабаева Лаззат Есентурлиевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Республикалық дәрежедегі байқауда аудан, облыс мерейін арттырып, өздерінің шығармашылық белсенділіктерін көрсеткен Батыр атындағы мектептің оқушылары мен ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз.
«Жем – Сағыз» ақпарат.