Жыл қорытындысы. Құрылыс саласы
Ақтөбе облысында құрылыс саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді.
Биылғы жылы 308,9 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. 886,4 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 млн ш.м.-ге жетеді деп күтілуде.
Әлеуметтік нысандар арасында 12 мектеп пен 21 денсаулық сақтау нысанының құрылысы ерекше назар аудартады. Сонымен қатар, 3 жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
Бұл жетістіктер өңірдің тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.