Жолдауға қолдау

«Президентіміздің Жолдауында айтылған бастамалар – спорт саласы үшін жаңа серпін. Әсіресе кәсіби спортты табыс әкелетін бизнес-өндіріс ретінде дамыту, шетелдік спортшыларға қаржы бөлуді шектеу және өзіміздің жасөспірімдерге, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жасау – дұрыс бағыт. Бұл қадамдар ел ішінде спорттың қолжетімділігін арттырып қана қоймай, ұлттық спортшыларымыздың әлеуетін көтеруге зор мүмкіндік береді. Спорт саласының адамы ретінде біз үшін ең бастысы – балаларға қолжетімді үйірмелер, аймақтардағы спорт нысандарының көбеюі және отандық спортшыларды қолдау. Президент айтқан оң өзгерістерді жүзеге асыруға бәріміз атсалысуымыз қажет»
Ершуакова Индира Рахметтуллақызы
волейбол бөлімінің жаттықтырушысы