Түркістанда жемқорлық мәселелерін шешу жолдарын ұсыну бойынша республикалық байқау жарияланды
Түркістанда жемқорлық мәселелерін шешу жолдарын ұсыну бойынша республикалық байқау жарияланды
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне 10 жыл» мерекесіне орай, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасы шеңберінде Облыс әкімдігінің қолдауымен «Түркістан облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген салалардағы жемқорлық мәселелерін шешу жолдары» атты республикалық байқауы бастау алды.
Байқаудың мақсаты — парасаттылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын ілгерілету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке баулу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы перспективалы жобаларды іздеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды қолдау.
Еліміздің барлық аумағынан қызығушылық танытқан азаматтар сайысқа өтінімді 2024 жылғы 30 қазанға дейін prv.tko@antikor.gov.kz электронды мекен-жайына жолдау арқылы бере алады.
1-ші іріктеу кезеңі (финалдық кезеңге қатысу үшін 20-дан аспайтын жоба іріктеуден өтеді).
2-ші соңғы кезең (іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша іріктелген жобалар арасында сайыс өткізіледі).
Финалдық кезеңге қатысушылар 2024 жылғы 20 қарашада Түркістан қаласында өз жобаларын таныстырады.
Сайыс қорытындысы бойынша «Қоғамдық бақылау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру», «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыттары бойынша жеңімпаздарды марапаттау көзделеді.
Үздік деп танылған сайыс жұмыстар авторлардың тікелей қатысуымен пилоттық жоба ретінде енгізілетін болады.
Байқау туралы толық ақпаратты департаменттің ресми сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-turkestan?lang=kk алуға болады.