«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақтөбе облысында маусымдық көшеттер отырғызылды

Темір қаласы әкімдігі мен «Темір орман шаруашылығы» мекемесі бірлесіп
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының аясында қысқы кезеңге
дайындық жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Аталмыш акция қоршаған
ортаны қорғап, экологиялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында еліміздің
барлық өңірлерінде өтуде.
Қысқы кезеңге дайындық барысында ең алдымен, бұрын отырғызылған ағаш
көшеттерін қорғау және жерді құнарландыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Темір қаласының тұрғындары мен мекеме қызметкерлері аталған
жұмыстарға белсенді қатысты. Олар ағаштардың аяздан және зиянкестерден
қорғалуын қамтамасыз етіп, олардың өсіп-өнуін жақсартуға үлес қосты.
Сонымен қатар, маусымдық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары да
жүргізілді. Темір қаласына 100 көшет отырғызылып, орман шаруашылығы
аумағына 500 көшет егілді. Сарапшылар қыста ағаш отырғызу ең алдымен
қарағай, шырша, балқарағай және тағы басқа қылқан жапырақты ағаштар
үшін қолайлы екенін атап өтті. Жөке, шетен, үйеңкі, қайың секілді
жапырақты ағаштар да қыста отырғызғанға шыдайды.
Жалпы Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағымдағы
жылы 356 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Бұл көрсеткіш облыс
тұрғындарының табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін, экологиялық
мәдениетін арттыруға қосқан үлесін айғақтайды