Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары


Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында «Әділет» партиясы Байғанин аудандық филиалының сайлауалды штабының мүшелері Ноғайты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Әділетті Қазақстанды бірге құрайық» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауылдарды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, кәсіпкерлікті қолдау және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бастамалар кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында штаб мүшелері ауыл тұрғындарын алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.




