Президент Жолдауында мәдениет пен өнер саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қозғалды

Бұл — шығармашылық саласында еңбек етіп жүрген барша мәдениет қызметкерлері үшін үлкен серпін және үміт.
Ең алдымен, мәдениет саласындағы инфрақұрылымды жаңарту, шалғай елді мекендердегі мәдениет үйлері мен кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту — өте орынды бастама. Бұл ауыл халқына мәдени қызметті қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру, әлеуметтік мәртебесін көтеру және шығармашылық адамдарды қолдау – саланың дамуына серпін беретін шешімдер. Өнер мен мәдениеттің дамуы — ұлт руханиятының көрінісі. Сондықтан Президенттің бұл салаға ерекше назар аударуы қуантады.
Жолдауда жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдени мұраларды сақтау және цифрландыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу секілді бағыттар да нақты айтылды. Бұл — болашақ ұрпаққа рухани тәрбие берудің басты негізі.Жолдауда көрсетілген мәдени бағыттар – рухани байлығымызды сақтап, оны жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.
Ақпан Ләззат Алпысбайқызы
“Шаттық”үлгілі би ұжымының жетекшісі