Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайынқұжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатынмемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіпжатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтерқатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңдытұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білімберу саласындағы жекелеген мемлекеттікқызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайынқұжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауғамүмкіндік береді.

Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойыншадайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағымәліметтерді қалпына келтіру және куәліктердіқайта беру, білім туралы құжаттардыңтелнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарғаапостиль қою қызметтері бар.

Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырыстымемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беругеболады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғниАстана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгеніқұрайды.

Құжат дайын болған кезде қызмет алушыныңтелефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растаукоды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжаттыалған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттыңтікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанынрастау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжаттыалу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.

Мемлекеттік корпорация үшін цифрлықсервистерді дамыту және мемлекеттікқызметтерді азаматтарға барынша қолайлыформатта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттіккорпорациясы азаматтардың уақытынүнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге жәнемемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінарттыруға мүмкіндік беретін заманауишешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.