Мемлекет басшысы Вашингтонға жұмыс сапарымен барды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Фото: Ақорда
Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен баратыны хабарланған.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Трамп Тоқаев пен Қазақстанды Бейбітшілік кеңесіне шақырды.

Тегтер:
Қазақстан Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев
АҚШ
Саммит

Жасұлан Бақытбекұлы
Автор

https://kaz.inform.kz/news/prezident-vashingtonga-zhumis-saparimen-bardi-fccf05/