Конституцияға түзетулер: Алматы алаңындағы түсіндіру және қолдау
Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өкілдерінің қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында қоғамдық талқылауға шығарылған Конституцияға енгізілетін түзетулер, сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік-құқықтық модельді қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.
Қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, жүргізіліп жатқан реформаның елдің саяси жаңғыруындағы негізгі кезеңдердің бірі екенін және мемлекеттік құрылымның базалық қағидаттарын қамтитынын атап өтті. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту және мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру мәселелері сөз болды.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ата заңды талқылау барысында ашық әрі жауапты қоғамдық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, реформалардың тұрақтылығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде қоғамның белсенді қатысуы шешуші рөл атқарады.
– Сындарлы сын шектелмеуі тиіс. Ашық талқылау мүмкіндігінің өзін қоғамдық құндылық ретінде бағалауымыз қажет. Тек диалог арқылы ғана қоғам қабылдайтын әрі ұзақ мерзімде тиімді жұмыс істейтін шешімдерге қол жеткізуге болады, – деді Ермұрат Бәпи.
Сондай-ақ ол реформалар кезеңінде қоғамдық келісімді сақтау және сезімтал тақырыптар төңірегінде алыпсатарлыққа жол бермеу қажеттігіне назар аударды.
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы сын-қатерлер жағдайындағы ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің маңызына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.
– Жаңа Конституция жобасында жаһандық саясаттағы тұрақсыздық жағдайында елдің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын сақтауға арналған тетіктер қарастырылған, – деді Ерлан Саиров.
Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған және қазіргі ішкі әрі сыртқы сын-қатерлерге жауап береді.
Кездесу барысында Конституция преамбуласының мазмұнына ерекше назараударылды. Конституциялық реформа жөніндегікомиссия мүшесі Үнзила Шапақ преамбула Атазаң мәтінінің тұтастай құндылықтық бағдарынайқындайтынын атап өтті.
– Конституция – мемлекет пен халықарасындағы қоғамдық келісімнің көрінісі. Преамбулада ұлт бірлігі, мемлекеттің унитарлықсипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастық нақты бекітілуі тиіс, – дедіҮнзила Шапақ.
Оның айтуынша, жаңартылған Ата заңҚазақстанның халықаралық құқықтықміндеттемелерін, сондай-ақ ұлттық мүдделер мен тарихи сабақтастықты ескеруі қажет.
Ұсынылып отырған өзгерістердің өзектілігінеқатысты пікірін Алматы қаласы Қоғамдықкеңесінің мүшесі Совет Сейітов білдірді. Оныңсөзінше, Қазақстан саяси және экономикалықдамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр, бұл өзкезегінде Ата заңды жаңартуды талап етеді. Сондай-ақ ол жастарды талқылау процесінетартудың маңыздылығын атап өтті.
– Бұл – баршамыз өмір сүретін Конституция. Ең алдымен, жас ұрпақ үшін. Сондықтан бейжайқалмай, алдағы референдумда талқылау мен дауысберуге белсенді қатысу маңызды, – деді ол.
Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік жәнеқұқық қорғау аспектілері туралы Алматы қаласыҚоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепкабаяндады. Оның айтуынша, қолданыстағы бірқатарнормалар қазіргі заман талаптарына сай жаңартудықажет етеді.
– Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатыр: цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа әлеуметтіксын-қатерлер. Осы тұрғыда Конституцияғаенгізіліп жатқан өзгерістер дер кезінде қолғаалынып отыр, – деді ол.
Оның пікірінше, ұсынылып отырған түзетулермемлекеттік жүйені неғұрлым икемді әрібюрократиядан арылған етіп, билікті азаматтарғажақындата түсуі мүмкін. Ол ерекше қажеттіліктерібар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесінеайрықша тоқталды.
– Жоба аясында сайлау процесінде әйелдер мен мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздықквотаның сақталғаны мен үшін аса маңызды. Бұл – елдің әлеуметтік дамуына қатысу мен ықпал етудіңнақты тетігі, – деді Богдан Джепка.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесіРустам Қайрыев конституциялық өзгерістердіңәлемдік тәжірибеде қалыпты құбылыс екенін жәнеоларды халыққа түсінікті тілде түсіндіру қажеттігінатап өтті.
– Азаматтардың ұсынылып отырғанөзгерістердің мәнін нақты түсінуі үшін бұқаралықақпарат құралдары арқылы да қолжетімді форматтатүсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, – депқосты ол.
Талқылау қорытындысы бойыншақатысушылар ұсынылып отырған өзгерістердіқолдады. Сондай-ақ мұндай диалог алаңдары жүріпжатқан конституциялық реформа аясындасарапшылар мен қоғамдық қауымдастықтың пікірінескеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.






